"Белімнің сақинасы айналып кеткен": Дәулет Мұқаев үкімет сағатындағы оғаш әрекетін түсіндірді
Фото: Видеодан скриншот
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев үкімет отырысында не себепті дұрыс отырамағанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Халық қалаулысы денсаулығының сыр бергенін айтты.
“Депутат болсаң, отырсаң опақ, тұрсаң сопақ боласың. Жұрт жарыса жіберіп жатыр. Айтайын, үкімет отырысында әрең отырдым. Себебі біраз уақыттан бері белімде протрузия (L-5, L-6) бар еді. Белімнің сақинасы айналып кетті ме, әлде "грыжаға" айналды ма, білмеймін. Дәл қазір отырсам да, жатсам да белім қатты ауырып тұр. Үкімет сағатынан кейін ауруханаға барып, укол салдырдым. МРТ-ға орын болмай, тек келесі аптаға жазылдым. Уколдың әсерімен әрең үйге жеттім. Мені сүйреп апарған көлік жүргізушісіне көп рақмет", – деді деп жазды депутат.
-
Депутат Дәулет Мұқаев декреттік төлемді миллиондап алуды үйреткен курсы үшін ақталды
-
"Басқа қозғайтын мәселе жоқ па": Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің наразылығын тудырды
Еске салайық, Дәулет Мұқаев "оптом" тұсаукесетінін жариялаған еді. Халық қалаулысы бір күнде бірнеше баланың тұсауын кесетінін жасырмай жүр.
"Stories-те жарнама бере сала менеджерге жазып, тіркеліп үлгеру керек. Бір жарнама бергенде 10-12 минут ішінде 50-60 баланың тізімі толып қалады. Содан кейін жарнама өшеді, менеджердің байланыс нөмірлері де өшеді", – дейді Мұқаев.