Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Шерхан — шыныменде де жақсы қақпашы” — Қайрат Боранбаев

Қайрат БоранбаевФото:F.C.kairat

Алматылық “Қайрат” футбол клубының иесі Қайрат Боранбаев 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмұрзаның ойынына баға берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 1bol сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

“Қалмұрза, әрине, ерекше мүмкіндік алды. Иә, бұл мүмкіндік негізгі ойыншылардың жарақатына байланысты туғаны өкінішті, бірақ Шерхан өзін өте сенімді ұстап жүр. Біз оның ойынына қуаныштымыз. Ол – шынымен де жақсы қақпашы. Кейде алаңда ауыр соқтығыстар болғанда еріксіз күліп, "Тек жарақат болмасын, әйтпесе қақпада 16 жастағы бала қалуы мүмкін ғой" деп ойлаймыз”, – дейді Боранбаев әзілмен.

Сондай-ақ Қайрат Боранбаев жас футболшыларға да сенім артуға болатынын, олар алдағы уақытта тәжірибелерін жетілдіріп шыңдалатынын айтты.

Біз жас футболшыларға сенім арта алатынымызды көріп отырмыз. Олардағы ынта мен деңгей қуантады. Әрине, тәжірибе әлі аз, бірақ Шерхан бір жылдан астам уақыт "Қайрат-Жастар" сапында Бірінші лигада ойнады, яғни ересектер футболын сезінді. Әрине, "Селтик" пен "Реал Мадрид" деңгейі мүлде басқа, бірақ ол бұл сынға лайық екенін көрсетті. Ең маңыздысы, командадағы барлық ойыншылар оны қолдап, "Шерханға көмектесеміз, өзімізді де саламыз, тек ол өзіне сенімді болсын" деді", – деді Боранбаев.

Еске салсақ, “Қайрат” клубының негізгі қақпашысы Александр Заруцкий “Селтикке” қарсы ойында сырт алаңда ауыр жарақат алып, орнына Темірлан Анарбеков шыққан еді. Алайда ішкі чемпионатта Анарбеков те аса ауыр жарақат алуына байланысты 18 жастағы Шерхан Қалмұрза “Спортинг” пен “Реал Мадридтке” қарсы ойында негізгі қақпашы ретінде қақпаны қорғады. Осы ойынынан кейін ол, жанкүйерлердің ерекше ықыласына бөленді.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 14 Қазан, 2025 14:26
Талқылау