Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сбербанк Қазақстан жайлы не білесіз?

Бүгінде клиенттерінің саны миллионнан асып артылатын Сбербанк Қазақстан банкі еліміздегі сенімді қаржы ұйымдарының біріне айналды. Елімізде капиталының көлемі бойынша екінші орынды иеленген банк жайлы не белгілі? Сбербанк Қазақстанның басқа да екінші деңгейлі банктерден қандай артықшылықтары бар? Бұл туралы біздің дайындаған материалымыздан оқи аласыздар. 

 Теңізбаев

Елдар Теңізбаев Сбербанк Қазақстанның басқармасы төрағасы 

Сбербанк Қазақстанның тарихы сонау 2006 жылдан бастау алады. ТексакаБанктің  99,99%-ын сатып алған соң, Сбербанк Қазақстан аяққа нық тұрып, 2007 жылы банк капиталын 29 млрд теңгеге жеткізе алды. Сол кездің өзінде құрылғанына бір жыл болған банк еліміздің екінші деңгейлі ең үздік банктердің ондығына кірді. 

Қазіргі таңда Сбербанк Қазақстан Forbes.kz рейтингісі бойынша көшбасшы үш банктің қатарында. Ал 2020 жылдың 1 желтоқсандағы көрсеткіштер негізінде қаржы ұйымы активтердің көлемі бойынша екінші орынға табан тіреді.

Банктің 110 құрамдас бөлімнен тұратын филлиалдық желісі бар. Ал оның орталық кеңсесі Алматыда орналасқан. 

Банктің басшылығы

Қаржы ұйымының құзыреті банк басқармасының қолында. Сбербанк Қазақстан мекемесінің 2019 жылдан бері басқарма төрағасы болып Елдар Теңізбаев тағайындалды. Ол бұған дейін басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған. Елдар Теңізбаев Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын тәмәмдап, кейіннен "Болашақ" бағдарламасы арқылы Лондонның Сass Business School университетінде қаржы және бухгалтерлік есеп саласының магистрі дәрежесін иеленеді. 

"Сбербанк онлайн-сервистерді құрып қана қоймай, оны үнемі дамыту үстінде. Бүгінде клиенттердің қажеттіліктеріне орай, біз онлайн түрде қол жеткізу мүмкіндігі бар банк өнімдерінің тізбегін жасадық. Өткен жылы бұған пандемияның да әсері болды. Корпаративті клиенттермен несиелік құжаттарға қашықтан қол қою мақсатында банк электронды құжат айналымын жүзеге асырды. Сонымен қатар, 2020 жылдың тамызында шағын және микро бизнес өкілдері үшін біз қаржыландыру туралы шешім алу қызметтерін сайттың скорингтің технологиясы арқылы орындау мүмкіндігін сыйладық. Бұдан бөлек, Қазақстанда алғашқылардың бірі болып смартфонның көмегімен төлем жасау жүйесі – SberPOS қызметін іске қостық", - дейді Елдар Теңізбаев Forbes.kz басылымына берген сұхбатында. 

сбер

 

Банктің капиталы 2020 жылдың қазанындағы көрсеткіштер бойынша 284,6 млрд теңгеге жеткен. 

2019 жылғы 3 желтоқсанда Fitch Ratings агенттігі Сбербанк Қазақстанның тұрақтылық деңгейін "b+"  деңгейінен "bb-" деңгейіне дейін көтерді. Шетел және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді ЭДР "BBВ-" деңгейіне дейінде бекітіп, "Тұрақты" болжамын берді. Айта кетейік, қазақстандық екінші деңгейлік банктердің арасында B деңгейі ең жоғары болып есептеледі. 

"Fitch Ratings Агенттігінің жаңа мәліметтері Сбербанк Қазақстан тұрақты екенін және мемлекеттің қаржы нарығында нық тұрғанын растайды. Тұрақтылық рейтингінің артуы банктің оң қаржылық көрсеткіштерін және біздің прогрессивті банктік технологияларды енгізуге, активтер сапасын жоғары деңгейде сақтап тұру және клиенттік сервисті жетілдіруге бағытталған стратегиямыздың сәтті іске асырылғанын көрсетеді", - деп атап өтті банк өкілдері. 

Банктің ең танымал өнімі

Сбербанк Қазақстан - ипотекалық несие беруде қазақстандықтардың сұранысына ие банктердің бірі. Әсіресе, зейнетақы жинақтамасының бір бөлігін алуға рұқсат берілгеннен кейін де банктің бұл өнімінің танымалдылығы одан арта түсуде. Қазіргі күні банкте ипотека бойынша бес түрлі бағдарлама қарастырылған: "7-20-25" және "Баспана Хит" мемлекеттік бағдарламалары, "Тұрғын үй несиесі", "BI Group-тің ерекше ипотекасы", Rams Qazaqstan ұйымының нысандары бойынша "Ондық" ипотекасы. Бұған қоса, банкте өзге қаржы ұйымынан алынған ипотеканы қайта қаржыландыруға да болады. 

Айта кетейік, Сбербанк Қазақстан - екінші деңгейлі банктердің арасында "Баспана Хит" бағдарламасы бойынша көшбасшы. 2020 жыллдың желтоқсандағы көрсеткіштер бойынша банкте сомасы 205 млрд теңгені құрайтын 24600 несие рәсімделген.

Ал 2021 жылдан бастап Сбербанк Қазақстан үлестік құрылыс нысандарының жобалары бойынша тұрғын үй алуды қаржыландыруды жоспарлап отыр. 

Сбербанк Қазақстан депозиттері

Банкте депозиттердің бірнеше түрін ашу мүмкіндігі бар. Оның ішінде үш депозитті банктің бөлімшесіне бармай-ақ үйден немесе жұмыстан ашып, онлайн түрде басқаруға болады. 

Мәселен, "Пайдаңды жіберіп алма" депозитінде 13 айдан 24 айға дейін салым жасау қарастырылған. Пайыздық мөлшерлемесі 10,8%-ға жететін бұл депозитті Сбербанктің мобильді қосымшасы арқылы рәсімдей аласыз. 

Банктің несиелері

Рәсімдеудің оңайлығы және қойылатын талаптардың аз болуы бүгінде Сбербанк Қазақстан ұсынатын тұтынушылық несиенің басты артықшылықтары деп айтуға болады. Мысалы, банкте 6 миллон теңгеге дейін кепілсіз несие қарастырылған. Бес жылға берілетін мұндай несиені рәсімдеуге тек жеке куәлік қана қажет. Сондай-ақ, банкте басқа да мақсаттар үшін және шұғыл қажеттіліктерге орай ең аз комиссия тұтынушылық несие алу беріледі. 

Автонесие

Көптеген қазақстандықтардың өз қаражатына автокөлік сатып алу мүмкіндіктері бола бермейтіні жасырын емес. Осы тұрғыда Сбербанк Қазақстан ұсынатын тағы бір сұранысы жоғары өнімі - автонесие мәселенің ыңғайлы шешімі айналды. Автонесие рәсімдеу қазіргі күні еш қиындық туғызбайды. 

Сбербанк Қазақстанда бес түрлі бағдарлама бойынша автонесие рәсімдеу қарастырылған. Мұндай несиеге еңбекке жарымды, тұрақты табысы бар кез келген азамат өтініш жолдай алады. Қарыз сомасы 30 млн теңгеге жететін автонесиені жеті жылға дейін алуға болады.  

2020 жылы тамызда Ranking.kz талдау агенттігінің зертеуіне сәйкес, Сбербанк Қазақстанның автонесие шарттары нарықтағы ең үздік деп танылған. Банктегі ең төменгі жылдық тиімді мөлшерлеме 19,34%-ды құрайды.

"Автокөлікті сатып алуға кредит алу - нарықтағы ең сұранысқа ие банк өнімдердің бірі. Біз клиенттерге автонесиелер бойынша ең тиімді шарттарды және қарызды рәсімдеудің барынша ыңғайлы үрдісін ұсынуға тырыстық. Біздің күш-жігеріміз өз жемісін беріп жатқанына қуаныштымыз, клиенттер біздің автонесиелер бойынша тиімді шарттарымызға оң бағасы берді. Осының арқасында бүгінде Қазақстандағы әрбір үшінші жаңа автомобиль Сбербанк арқылы сатып алынады", - деді Елдар Теңізбаев.

c,th

Сбербанк Онлайн

Сбербанк Қазақстанның мобильді қосымшасының көмегімен қаржы аударымдарын орындап, қызмет ақысын төлеп, онлайн түрде есепшоттарыңызды тексеруге болады. 800 мыңнан астам қолданушысы бар Сбербанк Онлайн қосымшасында 1600 қызмет бойынша төлем жүргізу мүмкіндігі бар. Ең ұтымдысы, мобильді қосымша мен телефон нөмірі арқылы Қазақстан азаматтарынан бөлек, ресейліктердің шоттарына комиссиясыз ақша аударуға болады. Одан бөлек, қосымшада Сбербанк Қазақстанның барлық қызметін онлайн қол жеткізе аласыз. 

"Бізге бірінші кезекте өз клиенттерімізге қолдау көрсету өте маңызды болды. Банктің пандемия кезінде жүзеге асырған шаралары бұған дәлел. Көптеген қаржы ұйымдарында қиын-қыстау кезінде несие тағайындаудан бас тарту ең ұтымды шешім ретінде қаралды, алайда біз бұл ұсыныстан бас тарттық. Сбербанк Қазақстан бұл уақытта несиелендіруді тоқтатпай, заңды тұлғыларға барынша көмек қолын созды. Қазірде біз көптеген ұйымдар коронадағдарыстан кейін қайта қызметтерін қалпына келтіргенін көріп қуаныштымыз. Алдағы уақытта Сбербанк Қазақстан клиенттерімізге әрі қарай қолдауға дайын екенін жеткізіп, олардың жаңа нарыққа шығып, үлкен белестерді бағындыруына тілекшіміз", - деді Елдар Теңізбаев. 

Бүгінде 1,4 миллион клиенті бар Сбербанк Қазақстан еліміздегі екінші деңгейлі банктердің арасында халықтың сеніміне бөлене алды. Өз кезегінде банк өкілдері 14 жылдан астам уақыт бойы қаржы нарығында алдыңғы қатардан көрініп келе жатқан ұйым алдағы уақытта да қазақстандықтарға қаржылай көмек беруге дайын екенін жеткізді.

Сбербанк Қазақстан туралы толығырақ, оның ай сайынғы науқандары мен ұтыс ойындары жайлы банктің сайтынан оқи аласыз. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 08 Ақпан, 2021 10:00
Талқылау