Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Сайлауды ұмыттыру үшін": Айжан Байзақова жалған той жасауға неге мәжбүр болғанын айтты

Айжан Байзақова жалған той жасауға неге мәжбүр болғаны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Digistan бағдарламасына сілтеме жасап.

Сайлауды ұмыттыру үшін: Айжан Байзақова жалған той жасауға неге мәжбүр болғаны туралы айттыЖалған той жасап, жұртты алдаған атышулы ару бұл әрекеттерді неге сайлаудың алдында жасағанын түсіндірді. Оның айтуынша Айжанға жалған той туралы тапсырыс бергендер адамдарға сайлауды ұмыттыру үшін жасаған екен. Бұл туралы блогердің өзі айтып берді. 

"Сатылып кетесің, біліп тұрып, халықты сайлау туралы ұмыттырдың деп бәрі жабылып кетті. Мен білген жоқпын. Тіпті Salem Social Media менеджерінің маған жазған хабарламасы бар. Олар өздерінің роликтерін менің парақшама салғысы келді. Бірақ мен өзім болмасам, бейнежазбаларды парақшама салмайтынымды айттым. Онда бізге көп адам кіретіндей бір нәрсе жасайық деді", - дейді Айжан Байзақова. 

Басқа айда өтірік той жасаймын деген Байзақоваға тапсырыс берушілер сайлау алдында жасау керек деп талап қойған. Бастапқыда ештеңеге мән бермеген блогер, артынша жалған тойды не үшін жасағанын түсініп қойған. Осылайша, атышулы ару қалжыңы үшін қажат алып, сайлау туралы ұмыттыруға тырысқан. 

"Мен 15 маусым күні кететін бодым. Оған дейін бірнәрсе ойлап табуым керек болды. Олар бір аптаға жоғалып кет деді. Бірақ мен оған келіспей, үйлену тойын жасайық деп ұсыныс тастадым. Артынша олар маған 7 немесе 9 маусымға дейін жасаймыз деді. Кейін неге 7 маусымға дейін деп ойладым. Сайлауды ұмыттыру үшін екен. Тойға бірнеше күн қалған кезде уайымдай басадым. Мен мүмкін шілдеде немесе тамызда жасаймыз дедім. Бірақ олар келіспеді. Негізі идея менікі болды", - дейді Айжан Байзақова. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр