Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық саясаттанушы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ату жазасын қолданған дұрыс

Жемқорлықпен күрес жолында ел болып, жер болып не істемедік?! Смайлды қолданып баннер де жасалып жатыр, небір басшылар пара алып жатқан жерінде ұсталып сотты болғаны тағы бар. Әйтеуір бітпейтін күрес. Не жеңіп тынбадық, не ұтылғанымызды мойындамай келеміз. Сонда бұл сыбайлас жемқорлықты жоюдың жолы қайсы? Ұрандағанмен іс оңа ма?

Саясаттанушы: Парақорлық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ату жазасы қолданған дұрыс

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Расымен, ерекше рух беріп, патриоттық сезімді оятады, иә?!. Жеп, қор болып жүргендер осындай ұрандарды оқып терең ойға батып, тәубесіне келеді деген аңыз бар. Агенттіктің әдісін қолдана отырып айтатын болсақ: "Параға емес, биікке ұмтыл!».

Иә, дәл осындай смайлдарды тізіп қойып, көшеге іліп жатыр. «Скажем нет взяткам!». Әп бәрекелді! Бірақ, дәл осы баннерлерді көрген парақорлар түзеліп кетеді дегенге сену қиын. Блогер Алмас Тоқабаев бұл жағдайға қарап не күлеріңді, не жыларыңды білмейсің» дейді.  

«Осындай акциялардың өзі жемқорлық қой. Ол акцияны  өткізу үшін қаншама баннер шығарылады, қаншама материал жарияланады.  Оның тапсырыс берушісі және орындаушысы бар. Олардың арасында келісім-шарт жасалады да жемқорлыққа қарсы күрестің өзі жемқорлық болып кетеді біздің жағдайда. Ол плакаттар бізге не береді? Бізде миллиондаған пара алған адам жәй ғана условный срок алатын болса. Миллиардап пара алған адам шетелде тайраңдап жүретін болс», - дейді блогер Алмас Тоқабаев. 

Жауапкершіліктің ауыртпалығы анау айтарлықтай болмағасын "қолда барда қонышынан бас" деген әдістің әр салада сәтті іске асып жатқанын жемқорлыққа қарсы агенттік ара-тұра жариялап отырады. Айыппұл салу, одан қалды аз мерзімге қамаумен бұзылғандарды түзейміз деу -  бекер. Саясаттанушы Самат Нұртазаның пікірі осы.  

«Қатаң жаза қолдану керек деген менің жеке пікірім бар. Қытайдың мысалы маған ұнайды. Қытайда парақорлық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ату жазасы қолданылады. Менің ойымша, бұл - дұрыс нәрсе. Себебі, бір-екі мысалдан кейін бәрі тыйыла түседі ме деген үміт бар. Жасыратын емес, кей салаларда жемқорлық асқынып кеткен.  Қай жерде болмасын басшылық ауысып жатады. Бірақ жемқорлық қала береді. Сондықтан, менің ойымша, нақты қадамдар керек», - дейді саясаттанушы Самат Нұртаза. 

Елордада өткен үлкен жиынға қатысып жатқан депутат Әлтаев, бюджет -  көп жемқор үшін алтын қамбаға айналғанын ашық айтты. Әр тиынның қайда кетіп жатқанын халық біліп отыруы тиіс деген пікірде.

«Ұрандарды қойып, тікелей жұмыс жасауымыз қажет. Бізде бюджет формироваться еткен кезде көбіне аудан, облыс әкімдері, министрліктер сол бюджеттің предложениесін жасайды.  Бізге мында мектеп, мында жол салу керек деген сияқты. Ал халық соған атсалыспайды, пікірін айтпайды. Мәселен Жапония елінде 5 жылдық бюджет. Сонда халықтың бәрінен сұрайды сауалнама жүргізіп», - деді Нұржан Әлтаев.

Көтеріп отырған күрделі мәселеге тұздық болсын деп тағы бір мәжілістің мүшесін әңгімеге тарттық. Депутат Дулатбековтың ойынша мұндай жарнама арқылы халыққа жемқорлықтың қандай жаман нәрсе екенін жеткізу керек екенбіз.

«Бір қару ретінде әрбір халыққа, сол өзіміздің жергілікті адамдар барлығымыз жемқорлықтың кедергісі бар екендігін олар білуі керек. Үгіт-насихат жұмыстары ел арасында жүргізіліп отыру тиіс деп ойлаймын», - дейді ҚР парламент мәжілісінің депутаты Нұрлан Дулатбеков. 

Айтпақшы, күні кеше Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастамасымен керемет акция өтіпті. 50-ге жуық адам биік тауға көтерілген екен. Осы идеясы арқылы жемқорлармен күресетін басты орган қоғамға қандай ой тастағысы келген?

"Параға емес, биікке ұмтыл!"  деген акцияның тигізер пайдасы жастар арасында, бұдан бөлек қоғам арасында адамдарды биікке ұмтылуға, табиғатқа шығуға, салауатты өмір салтын ұстануға одан бөлек  денсаулықты күтуге шақырады», - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментініңбас маманы.

Иә, мұндай идеяларға қарап, парақорлар сырттай мырс-мырс етіп күлетін шығар деген ой келеді. Осыдан бір ғасыр бұрын өмір сүрген Абай Құнанбайұлы заманында былай деген екен: «Жартасқа бардым,  күнде айғай салдым, онан да шықты жаңғырық. Есітіп үнін, білсем деп жөнін, көп іздедім қаңғырып. Баяғы жартас — бір жартас...»

Талқылау