Саусақ іздерін тіркеуден бас тартқан қазақстандықтарға жеке куәлік берілмейді
“Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу” туралы заң жобасына сәйкес саусақ іздерін тіркеуден бас тартса, Қазақстан азаматтары жеке куәлік ала алмайды, ал ҚР ықтиярхат алуға ниетті шетелдік азаматтар елден қуылады.
Бұл туралы Sputnik хабарлайды.
Дактилоскопиялық және геномдық тіркелуден бас тартқан қазақстандықтарға жеке куәлік берілмейді деп хабарлады ҚР ішкі істер мвице-министрі Рашид Жақыпов “Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу” туралы заң жобасын парламент мәжілісінде ұсыну кезінде.
Тіркелуге тиістілер: төлқұжат немесе жеке куәлік алатын Қазақстан азаматтары, сондай-ақ Қазақстанда тұрғылықты тұрып жатқан, ҚР жұмыс істеу үшін келген ықтиярхат алуға ниетті шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар. “Қазақстан азаматтарына дактилоскопиялық және геномдық тіркелуден бас тартқаны үшін, менің пікірімше, 2 АЕК айыппұл салынатын болады”, — деді Жақыпов тілшілерге.
Оның айтуынша, тіркелуден бас тартқан шетелдіктер елден қуылады. Вице-министрдің мәлімдегеніндей, тіркелу нәтижесінде алынған деректер шифрленеді. Биометриялық ақпаратты пайдалану азаматтардың кім екенін тезірек анықтауға мүмкіндік береді, жалған құжаттар жасауға жол бермейді және шекарадан өту шараларын жеңілдетеді.
Жіберіп алмаңыз:
Қостанайлық бейтаныс қыз бірге өткізген түннен соң жігітті тонап кеткен
Астаналық оқушы жасөспірімдерге арналған әлеуметтік желі ойлап тапты
Израиль ғалымдары: кешкі асқа спагетти мен тоқаш жеу керек
Бір топ құстың салдарынан ұшақтың қозғалтқышы істен шықты (фото)