Астаналық оқушы жасөспірімдерге арналған әлеуметтік желі ойлап тапты
CoffeeFold атты жасөспірімдерге арналған әлеуметтік желіні Астана қаласының оқушысы Бэла Темиева ойлап тапты. Бұл әлеуметтік желі елордалық тинейджерлер арасында кең таралған.

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.
Facebook негізін қалаушысы Марк Цукербергтің оқиғасынан шабыт алған он бес жасар Астана тұрғыны Бэла Темиева жасөспірімдерге арналған әлеуметтік желі ойлап тапты. Әдеттегі хабарлама алмасумен қатар әлеуметтік желі қолданушылары видеочат көмегімен байланыса алады. Желіні жасап шығарғандар ғаламтор браузерлеріне, Android және IOS жүйелеріне арналған үлгісін де ойлап тапты.
“Жобамның аты “CoffeeFold “, мағынасы “кофе” және “бума” дегенді білдіреді. Әлеуметтік желіні бұлай деп атауымыз бекер емес, себебі адамдар бір шынаяқ кофе ішіп отырып, әңгімелеседі ғой”, — деді Темиева жоба презентациясы кезінде.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды