Израиль ғалымдары: кешкі асқа спагетти мен тоқаш жеу керек

Дүйсенбі, 14 Қараша , 2016 14:18

Еврей университетінің ғалымдары кімде-кім арықтағысы келсе диетологтардың кеңесі туралы ұмытып, кешкі асқа спагетти мен тоқаш жеуі керек дейді.

131116_213332_18527_2

Бұл туралы mignews.ru хабарлайды.

Иерусалимдегі ауылшаруашылық факультетінің биохимия және тамақтану кафедрасында зерттеу жүргізген зерттеушілердің сөзінше, көмірсуға бай тағамдар адамда келесі күні де тоқшылық сезімін қалдырады. Сонымен қатар, тамақтанудың бұл әдісі қант диабеті мен жүрек ауруын өрістетуге кедергі болады.

Сынаққа 78 полицей қатысқан. Қатысушылар жарты жыл бойы арнайы диета ұстаған. Бірінші топтың қатысушылары түнде көмірсуға бай тамақтарды тұтынған. Ал екінші топтағы еріктілер әдеттегі тамақтану режимінде болған.

Сынақ кезінде зерттеушілер үш гормонға көңіл бөлген: лептина, энергетикалық ауысымды реттеуші және тәбетті арттырушы; грелин, метаболикалық функцияға жауап беретін, және адипонектинға, қант диабетін әлсірететін гормонға.

Нәтижесінде әдетте түнде көтеріліп кететін лептина деңгейі күндізгі уақытта артқан. Ал тоюға жауап беретін грелина деңгейі керісінше түнде артқан. Сонымен қатар, сынаққа қатысқан полицейлер күндіз қарын ашу сезімін ұмытып кететінін айтыпты.

Сонымен қатар, бірінші топ қатысушыларының салмақтары кеміп, денедегі май мөлшері де төмендеген. Диета кезінде олардың қанында адипонектин артып, қандағы қант деңгейі төмен түскен.

Оқи отырыңыз:

Канадалық «ұйқыдағы ару» тәуліктің 22 сағатын ұйқымен өткізеді

Қазақстанда мектеп оқушыларын гинекологтардың тексерісінен өткізіп тұру ұсынылды

Оралда гамбургерден ұшынған 8 жасар қыз жансақтау бөліміне түсті

Ақтөбе әкімі жиналыста көзіне тығылған ұйқымен алысты (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
03.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар