Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Канадалық «ұйқыдағы ару» тәуліктің 22 сағатын ұйқымен өткізеді

Канадалық ару неврологиялық ауытқушылыққа шалдыққан. Дерттің бұл түрімен әлемде мыңға жуық адам ауырады.

канадская спящая красавица

Жаңа Шотландиялық 37 жастағы Хизер Рид сирек кездесетін Клейн-Левин синдромына шалдыққан. Аурудың бұл түрі «ұйқыдағы ауру» синдромы атауымен де белгілі. Әйел тәуліктің 22 сағатын ұйқымен өткізеді. Ұйқысынан тұрса да қайтадан маужырап, төсекке жатқысы келіп тұрады. Оның жағдайында қалғымай отыру мүмкін емес-тін. Одан бөлек, бойжеткенге созылмалы шаршаңқылық диагнозы қойылған. Оның бұл дертпен өмір сүріп жатқанына жеті жылдың жүзі болды, деп хабарлады Лайф.

«Өз өмірімнің елесі сияқты сезінемін», – деді Хизер БАҚ-қа берген сұхбатында.

Әйел басқалар сияқты қалыпты өмір сүру салтын ұстана алмайды, жұмыс та істей алмайды. Ауыр науқасқа шалдықпас бұрын Хизер көлік жүргізетін, үлгілі студент және әлеуметтік тұрғыдан өте белсенді бойжеткен болатын. 2014 жылы бүйрегіне ота жасалғаннан кейін әйел сирек кездесетін ауруға шалдықты.

Бүкіл әлемде Клейн-Левин синдромына шалдыққан мыңға жуық адам бар. Науқастар орта есеппен тәулігіне 18 сағаттан ұйықтайды. Әдетте бұл ауру жасөспірім кезеңде өз белгілерін береді.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда мектеп оқушыларын гинекологтардың тексерісінен өткізіп тұру ұсынылды

Оралда гамбургерден ұшынған 8 жасар қыз жансақтау бөліміне түсті

Ақтөбе әкімі жиналыста көзіне тығылған ұйқымен алысты (видео)

ШҚО-да құтқарушылар ұйқыдағы адамды өрт ортасынан алып шықты

Талқылау