Қосшыда саунаның әйел басшысын ұрып-соққан тұрғын қамауға алынды
Қосшы қаласының соты мекеме қызметкерін ұрып-соққан сауна келушілерінің бірін қамауға алуға санкция берді. Оның үстінен "бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Естеріңізге сала кетейік, Қосшы сауналарының бірінде болған оқиға туралы әлеуметтік желілерде таратылған видеодан кейін белгілі болды. Келушілердің бірі қызметке ақы төлеуді сұраған қызметкерге соққыға жыққан болатын. Мас күйдегі ер адам әйелдің денесі мен басынан бірнеше рет cоққы жасайды. Кейін жәбірленуші еденге құлап түседі.
"Күдіктінің Қосшыдағы сауналардың бірінде жасаған бұзақылық әрекеті ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі бойынша қаралды. Сот күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, оның нәтижесінде іс бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
“Бұзақылық” әрекеті бойынша 2000 АЕК-ке дейінгі айыппұл немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
