AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауд Арабиясының ханзадасы патшаны өлтіргісі келді деп айыпталды

Сауд Арабиясының бұрынғы жоғары лауазымды барлау офицері Саад әл-Джабри Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманның патша Абдалла бен Абдулазиз Әл Саудқа қастандық жасау ниеті болғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

Мухаммед бин Салман

Басылымның мәліметінше, Саад әл-Джабри CBS арнасына берген сұхбатында 2014 жылы Мұхаммад бен Салман немере ағасына тақты әкесіне босату үшін осылай жасағысы келетінін айтқан.

"Мұрагер ханзада Мұхаммед – Сауд Арабиясының іс жүзіндегі билеушісі және Король Салманның ұлы өз халқына, американдықтарға және бүкіл планетаға қауіп төндіретін Таяу Шығыстағы адам өлтіруші", - деген Джабри CBS арнасына берген сұхбатында.

Бұрынғы офицердің айтуынша, ханзада 2014 жылғы кездесуде король Абдаллаға қастандық ұйымдастыруға өзінің немере ағасы, сол кездегі ішкі істер министрі ханзада Мұхаммед бин Найефті үгіттеген.

"Мен патша Абдалланы өлтіргім келеді. Ресейден ішінде уы бар сақинаны алдырамын. Осылайша мен онымен амандассам болғаны, ол о дүниеге аттанады", - деп келтіреді ханзаданың сөзін Джабри.

Сонымен бірге басылым офицердің ханзаданың айтқан сөзін өз құлағымен естімегенін жазады. Алайда оның сөзінше, Мұхаммед бен Салманның ханзада Наифпен кездесуінің бейнежазбалары әлі күнге дейін сақтаулы тұр. Жобамен дәл сол кездесуде осы қастандық жайында сөз қозғалған. Басылым Джабридің бұл сөздерді шынымен қауіп төндіру мақсатында немесе әзіл ретінде айтқанын ажырата алмағанын баса айтады. 



Саад Әл Жабри 2000 жылдардың басында Сауд Арабиясындағы ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) лаңкестік тобына қарсы күресті басқарған және тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманның басты қарсыласы болған ханзада Мохаммад бен Наифтің кеңесшісі болған. 

Бұған дейін Сауд Арабиясының ханзадасы Фахд бен Турки бин-Абд әл-Азиз мемлекетке сатқындық жасағаны үшін өлім жазасына кесілген болатын. Институтқа сұхбат берген сарапшылар қолға түсуге Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманның қатысы бар деген болжамдарын айтқан. Осындай жолмен ол қамауға алынған азаматтың отбасын мемлекет қазынасын толтыруға мәжбүрлемек болған. Осыған қарап елдегі экономикалық жағдай нашарлап бара жатқанын пайымдауға болады.

Айта кету керек, Абдалла патша қайтыс болғаннан кейін оның ұл-қыздарының барлығы дерлік тұтқындалған немесе жемқорлыққа қарсы тазарту кезінде олардың байлығы тәркіленген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр