Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Саддам Хусейннің қызы 15 жылда алғаш рет сұхбат берді

Ирактың бұрынғы көшбасшысы Саддам Хусейннің қызы Сауд Арабиясының "Әл-Арабия" арнасына эксклюзивті сұхбат берді. Бұл туралы ИноСМИ-ге сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Рагад Саддам Хусейн 15 жыл бойы ел алдына шықпай, бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аудармаған. Оның кенеттен ел алдына шығуы Иракта және елден тыс жердерде сарапшылардың осы әрекетіне қатысты сұрақтар туғызды. 

NoonPost басылым Рагад Садам Хуйсейннің ешқашан саяси тұлға болмағанын, бірақ әртүрлі ақпараттық алаңға шықса, саяси пікірлер қарама-айшылығына себеп болғанын жазады. Бұған оның тек Ирак президентінің қызы және оның көп құпиясын білуі ғана емес, сонымен бірге елдің бұрынғы көшбасшысының жақтастары көп болуы да әсер еткен.

"Әл-Арабия" арнасына берген сұхбатында ол әкесі, балалық шағы, Хусейн Камелмен некесі және оның қайтыс болу жағдайы, Ирактың Кувейтке басып кіруі туралы естеліктерімен бөлісті, сондай-ақ, елдегі қазіргі жағдайға және Иранның оның аумағында қақтығыс тудырудағы рөлі туралы айтты.



Президенттің қызы әкесінің билігін және биліктен кейінгі кезеңді қалай еске алатынын айтты. Бағдад құлағаннан кейін оның отбасы көптеген ауыр жағдайды бастан өткерді және Сирия мен Иордания арасында көшіп жүруге мәжбүр болды, дейді Рагад.

Саддам Хусейн билік еткен Ирак пен қазіргі мемлекетті салыстыра отырып, Рагад әбұрын халық құрметке ие болған және елге "тиісуге" ешкім бата алмаған" деп мәлімдеді.

"Адамдар балалары қауіпсіздікте екеніне, жақсы өмір сүре алатынына сеніммен өмір сүрді", - деді Рагад. 

Саддам Хусейннің қызы қазіргі Ирактың жағдайына алаңдаушылық білдірді. Ол бәріне Иранды кінәлады.

"Ирандықтар Иракты заң жоқ кезде жаулап алды, осылайша ел жеңіл жемтікке айналды. Қарсылық жоқ, сондықтан Иран бассыздығы үлкен ауқымға ие болды", - дейді Рагад.

Саддам Хусейннің айналасындағыларға қатысты қатігездігі жайлы сөз қозғалғанда Рагад әкесімен болған естеліктермен бөлісті:

"Балалармен бірге балық аулауға, жүзуге, атқа отыруға баратын, үйге келгенде әкем бізді сүйіп, құшақтайтын", - деді ол. 

Мақала авторы Рагад Саддам Хусейнмен сұхбаттасу үшін кейіпкерді таңдау кездейсоқ емес деген пікір білдірді.

"Прагматизм - Сауд телеарнасы стратегиясының негізі осы. Рагад Иранға қатысты өзінің қатаң ұстанымымен танымал. Оның Ирактағы қазіргі жағдайға, ішкі бөлінуге және Тегеранның және оған адал топтардың ұзақ мерзімді қызметіне байланысты конфессияаралық қайшылықтардың күшеюіне деген көзқарасы басым", - деп жазады мақала авторы.

Иранның араласуына қарсы күресте барлық тараптарды біріктіру бүгінде Эр-Риядтың алдында тұрған бірінші кезектегі міндеті, деп жазады басылым.

"Ол бірқатар аймақтық қиындықтар мен қауіп-қатерлерге тап болды, сондықтан билік көптеген мәселе бойынша өз ұстанымын қайта қарауға мәжбүр болып отыр", - деп қорытындылады басылым авторы.

Талқылау