Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшы: Атамбаев Жээнбековтің аяғына тұсау болуы мүмкін

Қазақстандық сарапшы Қырғызстанның жаңадан сайланған және қазіргі президенттері арасында қандай жағдайда жанжал туындауы мүмкін екенін айтып берді.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым қатынас жақсаруы тиісті, ал Сооронбай Жээнбеков пен Алмазбек Атамбаев арасындағы жанжал туындауы мүмкін, деп мәлімдеді Sputnik Қазақстан тілшілеріне сарапшы Асқар Нұрша.

Неге қырғызстандықтардың көбі қазіргі президенттің ісін жалғастырушы Жээнбековке өз дауысын берді? – деген мәселеге қатысты сарапшы өз пікірін білдірді.

“Жээнбеков елдің премьер-министрі болды. (сайлауға байланысты өз қызметінен кеткен болатын). Ұзақ уақыт бойына Ош облыстық әкімшілігін басқарды, яғни ол Қырғызстанның оңтүстігіндегі аймақтық саясатта тәжірибесі бар адам. Оның бойында республикалық деңгейде жинақталған үлкен тәжірибесі әрі ел басқаруға қатысты жан-жақты дайындығы да бар. Елдің премьер-министрі болған кезде Жээнбеков мемлекеттік аппаратта жұмыс тәжірибесін жинақтады және басқа үміткерлермен салыстырғанда ол сыртқы саясатта да мол еңбек сіңірген. Ол Орталық Азия болсын, тіпті басқа да посткеңестік республикалардың басшыларына таныс адам. Оның бұл сайлаудағы жеңісі заңды.

Бюрократиялық көзқарастарға сәйкес, Жээнбеков қандай да бір жаңа сипаттағы көшбасшылықты қолға алып, Қырғызстанның жан-жағындағы елдермен, әсіресе көрші мемлекеттермен құрылымдық байланыстар орнатуға қызығушылық танытары сөзсіз. Ал, егер Атамбаев өзінің бүгінгідей қылығын тоқтатпайтын болса, ол Жээнбековтің аяғына белгілі дәрежеде “тұсау” болары анық.

Тағы да оқыңыз:

Атамбаев: Назарбаев туралы айтқан кезде эмоцияға салынып кеттім, менікі дұрыс болмады

Атамбаев: Назарбаев туралы айтқан кезде эмоцияға салынып кеттім, менікі дұрыс болмады

Алладан басқа ешнәрсеге ешқашан сенбеймін: Жээнбеков туралы не білеміз?

Талқылау