Саладағы №1: "БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» 2020 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындыларын шығарады
Өткен тоқсанда холдинг кездескен талаптарға қарамастан, жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» Қазақстанның автомобиль нарығындағы абсолютті көшбасшы жағдайын сақтап қалды. Елімізде сатылған жаңа автомобильдердің 32,9%-ы және республиканың жеңіл автоөндірісі шығарған автмобильдердің жартысының көбі (46%) топтың үлесіне тиді. «АЗИЯ АВТО» зауыты қайтадан саладағы № 1 салық төлеуші статусын растады. Холдингттің салық төлемдерінің жиынтық көлемі 2,98 млрд теңгені құрады.
АЛМАСПАЙТЫН НАРЫҚТЫҚ ЛИДЕР
Жылдың алты айының қорытындылары бойынша холдингтің автоорталықтарынан қазақстандықтар жалпы сомасы 65,9 млрд теңгеге 11 552 автомобиль сатып алған. Сату (натуралды көрсеткішпен) өткен жылғы көрсеткіштен 12%-ға артқан, ал нарықтық үлес 32,9%-ға жеткен. Сонымен, республикамыздағы жаңа жеңіл автомобильді әрбір үшінші сатып алушы «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТОНЫҢ» ұсыныстарының пайдасына таңдау жасаған.
LADA тұтынушылардың жоғары бағалауларының дәстүрлі фавориті болып қалуда. Марка бір жыл бұрын сатылған 7 341 бірлік автомобильге қарсы 7 957 бірлікке, 8%-ға артқанын көрсете отырып, республиканың нарығындағы өз ұстанымын күшейтті. LADA үздік нарықтық үлесі бар бренд-бестселлерлердің тізіміндегі бірінші қатарды - 22,7%-ды қайтадан иеленді.
Сонымен бірге, ағымдағы жылдың маусымы LADA сатылымының өткен 5 жылы ішіндегі ең нәтижелі ай болды (2 545 бірлік).
LADA Granta қазақстандық сатып алушылардың арасында ең көп танымалдыққа ие (3 543 бірлік). Модельге қосымша сұраныс алдын ала төлем шарттарымен арнайы баға бойынша автомобиль сатып алу мүмкіндігін қамтамасыз етті. Маусымнан бастап холдингтің қазақстандық клиенттеріне «LADA Granta – дұрыс таңдау» және «Аңызға айналған жол таңдамайтын автомобиль» деген алдын ала төлем бағдарламалары қайтадан қолжетімді болды. ТЖ кезеңіне дейін тапсырыс берілген автомобильдерді беру бүгінгі күні толығымен аяқталды.
Бірінші жартыжылдықта холдингтің портфеліндегі басқа бренд - KIA сұраныстың өтімді түрде өсуін арттырды: оның сатылымы 75%-ға өсті. Брендтер нарығында ең сұранысқа ие алғашқы бестіктегі KIA-ның орынын қамтамасыз ете отырып, Қазақстанда маркіні сатып алушылардың жиынтық саны 3 080 бірлікке жетті.
АВТОӨНДІРІСТЕГІ ЕҢ ІРІ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІ
Есеп беру кезеңінде республиканың жеңіл автоөндірісі шығарылымының жартысының көбі - 46% «АЗИЯ АВТО» үлесіне тиді. Өскемен конвейерінен 12 846 автомобиль шықты (жиынтық құны 71,6 млрд теңге), ол өткен жылғы мәннен 28% жоғары.
«АЗИЯ АВТО» саладағы № 1 салық төлеуші статусын сақтап отыр. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша 2020 жылғы қаңтар-маусымда кәсіпорын мемлекет қазынасына 1,27 млрд теңге аударған, ол автоөндірістің барлық салықтық түсімдерінің үштен бірін (34,3%) құрайды. Есеп беру кезеңінің қорытындылары бойынша зауыттың салық аударымдарының үлесі 8,5%-ға артқан. Есеп беру кезеңінде холдингтің салық төлемдерінің жиынтық көлемі 2,98 млрд теңгеге жетті.
Ерик Сагымбаев, «АЗИЯ АВТО» АҚ бас директоры:
Пандемияға байланысты шектеулерге қарамастан, зауыт бірқатар модельдерді: KIA Seltos жаңа кроссоверін, LADA 4x4, LADA Vesta жаңа генерациясын және вариаторы бар XRay, сондай-ақ автоматты трансмиссиясы бар UAZ Patriot шығару көлемдерін ұлғайтты және өндіруді игере алды. Жылдың соңына дейін біз қазақстандықтарға мүлде жаңа седан KIA Optima (K5), сондай-ақ KIA Sorento және KIA Rio-ның жаңартылған нұсқаларын ұсынуды жоспарлап отырмыз.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПТЫ БИЗНЕС
ТЖ режимі кезеңінде холдинг жедел қызметтер мен еріктілердің қарамағына «вирусқа қарсы» жұмыс істеу үшін 80 жаңа автомобиль берді. «Коронамобильдердің» экипаждары медперсоналды, дәрі-дәрмектер мен қорғаныс құралдарын тасымалдауға көмектесуде.
«БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТОНЫҢ» еріктілердің жұмысын қамтамасыз етуге және көлікке қызмет көрсетуге арналған жалпы шығындары 73 млн теңгеден астам соманы құрады.
Компания пандемиямен күреске белсенді қатысуды жалғастыруда: шілдеде автомобильдердің жаңа партиясы медицина қызметкерлерінің пайдалануына берілді.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
