Сағындық Тоғамбай жартылай финал үшін бәсекеде өзбек боксшысынан ұтылды
Фото: olympic.kz
Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының 2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында сынға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
90 келіге дейінгі салмақта ол өзбекстандық Турабек Хабибуллаевпен қолғап түйістірді. Қарсылас айқын басымдық танытып, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Хабибуллаев жартылай финалға өтіп, кем дегенде қола медальға қол жеткізді. Сағындық Тоғамбай болса турнирді жүлдесіз аяқтады.
- Махмұд Сабырхан бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
- Нұрбек Оралбай әлем чемпионатының ширек финалында өзбек боксшысынан жеңілді
Айта кетсек, ол 2024 жылғы Азия чемпионы атанса, Хабибуллаев былтыр құрлықтық турнирде топ жарып, 2022 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз болған.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

