Сәдуақасова: Жолдасым маған өте қатал, оған алғыс айтқым келеді
Мәдина Сәдуақасова Алғыс айту күнінде жақындарына алғыс айтты. Ең алдымен, жолдасына, енесі алғысын жеткізді. Бұл туралы “Түнгі хабар” арнасында айтылды.
Мәдина Сәдуақасова шақырту алғанымен, Қайрат Нұртастың туған күніне бара алмайтынын айтқан еді. Әнші жолдасының рұқсат етпеуі себепті думанды кештен бас тартты. Енді ол үшін алғысын айтты.
“Мен жолдасым Олжасқа алғысымды айтқым келеді. Ол мені Қайрат Нұртастың туған күніне, Мальдивке жібергенде бұл бағдарламаға келмейтін едім. Сондықтан тағы бір жақсы бағдарламаның қонағы болып отырмын. Сол үшін рахмет айтамын”, – деп бастады әнші сөзін Алғыс айту күнінде.
Әнші көрерменнің сауалына жауап бере отыра, күйеуінің өте қатал екенін айтты. Одан бөлек енесіне алғысын айтты.
“Олжас өте қатал. Оны үнемі айтып жүремін. Ал енем – тамаша адам. Жолдасымның анасы. Баламның апасы. Ол кісіге алғыстан басқа айтарым жоқ”, – деді әнші.
Әнші үйде де ханшайымдай жүремін деп мақтанды.
“Мен жолым болған адаммын. Сондықтан үйде де ханшайымдаймын. Тырнағымнан-ақ көріп тұрған шығарсыздар”, – деп әзілдеді.
Сәдуақасова бағдарламада ханшайымның рөлін ойнап, көрермендерін қуантты. Болашақта киноға түсу туралы ойланып жүргенін жасырмады.
“Мені бұрын киноға көп шақыратын. Бірақ мен актриса болмағандықтан, кинодан бас тартатынмын. Кейін әншінің бәрі актриса болып кетті. Мен де ойлана бастадым. Егер жақсы рөл болса, мен де бағымды сынасам деп ойланып жүрмін”, – деді Мәдина ханым.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
