Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сабина Алтынбекова отбасымен Түркияда қалай демалып жатқанын көрсетті

Сабина Алтынбекова түрік елінде отбасымен бірге демалып жатқанын көрсетті. Спортшы қыз отбасымен бауырлас елдің көне мәдени орындарын аралады. 

Спортшы қыз жолдасы Саят Тотықбаевпен, ұлымен демалысқа аттанды. Алтынбекова көне шахардың көрікті жерлерін аралады. Парақшасында түрлі фото-видеоларын жария етті.

Желідегі қолданушылары сәттілік тілеп, өз пікірін жазысты. 

“Керемет жанұя, тіл-көз тимесін”, “Аман болыңыздар”, Демалыстарыңыз жақсы болсын, өте жарасымды жұп“, “Кей көлектеріңіз тым ашық емес пе? Күйеуіңіз намаз оқиды емес пе?”, “Демалғанға не жетсін?”, “Ең жақсы уақыт отбасыңа бөлген уақыт”, “Ертегі әлеміндегідейсіздер”, “Елге жария қылып қайтеді?”, “Бұл қай ел?”, “Бізге де баруды бұйырсын”, – деп жазды желідегілер.

“Отбасымен демалған екі есе жақсы”, – деп жазды спортшы. 

Әлемдегі ең әдемі волейболшылардың бірі деп атанған Сабина Алтынбекова Саят Салманұлымен некесін қиған еді. Жас жұбайлар тойын шағын ғана адаммен атап өтті.

Саят Салманұлы (Тостықбаев) 1988 жылы 30 шілдеде дүниеге келген. Ол қазақстандық "Круиз" комедиялық фильмінің продюсері. 

Жас жұбалар шаңырағында өткен жылдың қазан айында тұңғышы өмірге келді.


Талқылау