Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сабаленка мен Рыбакина WTA тарихындағы 12-ші кездесуін өткізеді

Фото: instagram.com/lenarybakina/arynasabalenko

15 тамызда АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтетін әйелдер арасындағы "Мастерс" турнирінде ширек финал кезеңі басталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алғашқы матчта әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Сабаленка мен Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина (WTA рейтингінде №10) кортқа шығады. Бұл — олардың WTA турындағы 12-ші бетпе-бет кездесуі. Қазіргі уақытта жеке кездесулердегі есеп 7:4 Сабаленконың пайдасында.

Соңғы рет теннисшілер осы жылдың маусым айында Берлиндегі турнирдің ширек финалында жолыққан еді. Ол кезде Сабаленка 7:6 (6), 3:6, 7:6 (6) есебімен жеңіске жетіп, шешуші сетте төрт матчболды қайтара білді.

Алдағы ойын соңғы жылдардағы әйелдер теннисіндегі ең тартысты және қызықты бәсекелестіктің жалғасы болмақ. Рыбакина есепті қысқартуға, ал Сабаленка жеке кездесулердегі басымдығын арттыруға тырысады.

Абылайхан Палмағанбет
Бейсенбі, 14 Тамыз, 2025 18:53
Талқылау