AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сүйе берем: Нұржан Керменбаев пен Салтанат Бақаеваның «махаббаты» көпшіліктің талқысына түсті (видео)

2015 жылы «Егіз-лебіз» әнімен көпшіліктің жүрегіне жол тауып, ел сүйіктісіне айналған «Арнау» тобы араға үш жыл салып жаңа бейнебаянын ұсынды. Махаббат тақырыбындағы әнге таспаланған бейнебаянда ғашықтардың рөлін қос әншінің өздері сомдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Сүйе берем: Нұржан Керменбаев пен Салтанат Бақаеваның «махаббаты» көпшіліктің талқысына түсті (видео)

Көптен бері тыныштық орнаған «Арнау» тобы тыңдармандарына жаңа бейнебаянын ұсынып, қуантып тастады. Иә, олардың «Сүйе берем» деп аталатын әні де, түсірілген бейнебаяны да сәтті шыққан. Айта кетерлігі, жаңа бейнебаянда қос әнші алғаш рет ғашықтардың рөлін сомдады.

Бейнебаянда ғашықтардың аядай бөлмедегі тіршілігі көрініс тапқан. Әншілердің өзі бір-біріне ғашық жандардың рөлін нанымды етіп, тамаша сомдап шықты.

Мұны желі қолданушылары да байқап, олардан «кезінде тамаша жұп шығар еді» деген пікірлерін қалдырып жатыр.

Ал туындыға қатысты баға берген тыңдармандары тәнті болғандарын жеткізді.

«Қайта оралуларыңызбен! Керемет», «Негізі қара бала мен қара қыз жақсы дует. Әдемі жұп та болар еді. Жарасады негізі», «Керемет ән болыпты. Құтты болсын!», «Әдемі ән екен. Тыңдай бергің келеді. Дауыстарыңыз да сондай үйлесімді», – дейді пікір қалдырушылар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр