Ресейді тежеу үшін: Франция 30 жылда алғаш рет Атлант мұхитына үш ядролық сүңгуір қайықтарын түсірді
Франция Атлант мұхитына бірден баллистикалық зымырандармен жабдықталған үш ядролық сүңгуір қайықтарын түсірді. Бұл шешім АҚШ пен КСРО арасындағы қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан бері бірінші рет қабылданып отыр. Бұл туралы The Times мақаласында айтылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Франция президенті Эммануэль Макрон мұндай шараларды "Ресейдің ядролық қаруына жауап ретінде" қабылдады, деп жазады басылым.
Француздық сүңгуір қайықтардың әрқайсысында ұшу қашықтығы бірнеше мың шақырымға жететін француздық M51 континентаралық 16 зымырандар бар. Сонымен қатар, француздық "сағаттың" Атлант мұхитындағы миссиясы 1972 жылы басталды және жау Францияға шабуыл жасаған жағдайда кері соққы беруге арналған.
- Кремль Ресейдің ядролық қаруды қандай жағдайда қолданатынын айтты
- Лукашенко: Украина Беларусь елі секілді болу керек
- "Нағыз тозақтың ортасындамын": Қираған қалада қоршауда қалған украиндықтар қазіргі өмірлері жайлы айтты
Франция сондай-ақ құрлықтағы аэродромдардан немесе Шарль де Голль әуе кемесінен көтерілетін Rafale реактивті ұшақтары арқылы нысанаға атуға болатын ядролық қанатты зымырандарға да ие.
2020 жылы Макрон француздық "ядролық қолшатырды" Еуразиялық одақтың басқа 26 мемлекетіне таратуды ұсынды, себебі олардың ешқайсысының өз ядролық қаруы жоқ.
Макрон сонымен қатар Францияда 300-ге жуық ядролық оқтұмсықтар бар екенін және бұл "қарсыластарға өз мақсаттарына жету үшін күшейе түсуге, қорқытуға және бопсалауға мүмкіндік бермейтінін" атап өтті.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
