Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде 30-ға жуық адамды жеп қойған ерлі-зайыпты ұсталды (видео)

Краснодарда адам жегіш жұп қолға түсті. Ері мен әйелі 20 жылға жуық уақыт бойы адамдарды өлтіріп, мәйітті бөлшектеп, жеп келген.

Бұл туралы tvc.ru хабарлайды.

Тергеу комитетінің хабарлауынша қазіргі таңда олардың қылмыстарын тексеру үстінде.

Табылған бейне материалда ер адам қолына адамның қолын ұстап тұрады. Кадрлар ұялы телефон камерасына түсірілген.

“Краснодар полициясына жол жөндейтін жұмысшылардан хабарлама келіп түсті. Олар жұмыс барысында телефон тауып алып, оның ішінен қолына адамның дене бөлшектерін ұстап тұрған ер адамның суреттерін көрген”, – дейд полиция Мария Пирогова.

Полиция осыдан соң дереу телефонның иесін анықтаған. 35 жастағы Дмитрий Бакшеев жоғары әскери авиациялық училищесі аумағындағы жатақханада тұрған екен.

“Телефонды қайтарамыз де арқылы, 35 жастағы тұрғынмен кездесу жоспарланды. Нәтижесінде тәртіп сақшылары оны қолға түсірді. Ұстау кезінде ер адам полицейлерге өте қатты қарсылық көрсетті”, – дейді Пирогова.

Алғашқы тергеу кезінде ер адам адам денесінің бөлшектерін орманнан тауып алғанын айтыпты. Сосын оны үйге алып кетіп, фотосессия жасап, таңертең өзімен бірге жұмысқа алып барған. Дегенмен тергеушілердің өз нұсқасы бар. Қыркүйектің басында ол училищеде медбике болып істейтін әйелімен бірге бір кісімен танысып, онымен қаңырап қалған аумақта спирттік ішімдік ішкен.

“Ішу кезінде олардың арасында ерегес туындап, ер адам жаңа танысын өлтіреді. Сосын мәйітті бөлшектеп, біразын сол жерге тастап, қалғанын алып кеткен. Қылмыстан кейін ол дене бөлшектерін ұстап тұрып суретке түскен”, – делінген тергеу комитетінің хабарламасында.

Тергеу дерегі бойынша отбасы 1999 жылдан бері адам жеумен айналысып келеді екен. Осы уақыт ішінде олар 30-ға жуық адамды өлтірген. Олардың үйлерінен адам терілері, белгісіз еттер және тоңазытқыштан адам сүйектері табылған.

Қазірге дейін жеті адамның кім екенін анықтаған. Тергеушілер соңғы уақытта өлкеде жоғалып кеткен адамдардың барлығына қатысты ақпараттарды тексеріп шықпақ.

Ескерту! Бейнежазба 18 жастан асқан азаматтарға көруге рұқсат етіледі!

Оқи отырыңыз:

Венесуэла халқы шаштарын сатып күн көріп жүр

Дубайда ұшқышсыз тұңғыш әуе таксиі көкке көтерілді

БАӘ имамы: Әйелдердің ақылы кем. Оларға көлік тізгінін беруге болмайды

Даяшы үстел басында отырған баланың бетіне ыстық сорпа төгіп алды (видео)

Талқылау