Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей елшілігі Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге қатысқан ресейліктер ісін өз бақылауына алды

Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты деп айыпталған екі ресейлікке қатысты істі Нұр-Сұлтандағы Ресей елшігі өз бақылауына алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап. 

қаңтар

"Қолда бар ақпаратқа сәйкес Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекстің 272-бабы 2-бөлімі бойынша айыпталған екі Ресей азаматын тұтқынға алған. Олар қазір Өскемендегі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мекемесінде қамауда отыр. Азаматтарға адвокат қызметі ұсынылған", – делінген басылым жариялаған мәлімдемеде. 



Аталған бап бойынша кінәлілерді 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастылырған. 

Сондай-ақ қамаудағы азаматтардан Қазақстандағы Ресей елшілік мекемелеріне мәлімдеме келіп түспеген. 

"Қазір тергеу барысы Өскемендегі Ресейдің бас елшілігінің бақылауында және тиісті нұсқаулар берілді", - деді дипломатиялық өкіл.

Айта кетейік, Адам құқықтары бойынша омбудсмен Эльвира Азимова қаңтар оқиғаларынан кейін елімізде 18 шетел азаматының қамауда отырғанын мәлімдеген. Олардың 14-і Өзбекстан, 2-і Ресей және тағы 2-і Қырғызстан азаматтары.

Назархан Уән
Сәрсенбі, 02 Наурыз, 2022 08:18
Талқылау