Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғыз музыканты Викрам Рузахунов қаңтар оқиғасына байланысты Қазақстанға тергеуге шақырылды

Қырғыз музыканты Викрам Рузахунов Алматыға тергеуге шақырылды. Бұл туралы қырғызстандық әншінің өзі Instagram желісінде хабарлады.

Рузахунов барудан бас тартқанын айтты, өйткені басынан өткен ауыртпалық пен қорқыныштары әлі көз алдында.

"Менің адвокатым Нұрбек Тоқтакунов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің тергеушісіне өздері келуін ұсынды. Алайда олар тергеу үшін ұсталған жерді, мені алып кеткен ғимаратты, камераны көрсетуім маңызды екенін айтты. Мен отырған камералар мен мені азаптаған адамдар жайлы жауап алмақ", – деп жазды Викрам Рузахунов.

Музыкантпен бірге оның адвокаты келеді. Ол құзырлы органдарға өтінішпен жүгінгенін және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінен қауіпсіздікке кепілдік беруді сұрағанын айтты.

Рузахунов сондай-ақ күдіктілердің белгілі бір тобы анықталған жағдайда ғана Қазақстанға баратынын айтты. Олай болмаған жағдайда тергеушілердің өздері келіп жауап ала алатынын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысы Қарасай ауданының прокуратурасында Викрам Рузахуновтың арнайы уақытша ұстау изоляторына түрлі дене жарақаттарымен жеткізілгенін айтқан еді. 

Викрам Рузахунов Алматыдағы оқиғалардан кейін қалай азапталғаны жөнінде алғаш рет айтып берді. Викрамның сөзінше, ол музыкадан бөлек ІТ саласында кәсіппен де шұғылданады. Алматыға бірнеше серіктесімен болашақ жобаларды талқылау үшін келген. Алайда 4 қаңтарда митинг басталып, достарының кеңесімен 6 қаңтарға дейін ешқайда шықпаған. Жағдай ушыққан соң еліне қайтпақ болған Рузахунов 7 қаңтарда бекетте полицейлердің қолына түсіп, азапталғанын айтады.

Талқылау