AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Cоңғы 20 жылдағы ең жоғары көрсеткіш: 2021-2022 жылғы оқу жылын аяқтаған оқушылардың саны рекорд болды

Қазақстанда биыл 3,5 миллионнан астам оқушы үшін соңғы қоңырау соғылып, оқу жылы қорытындыланды. Статистика бюросының мәліметінше бұл соңғы 20 жылдағы рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқушылардың басым бөлігі Алматы қаласы, Түркістан мен Алматы облыстарынан.

"Бүгін 3 597 159 оқушы үшін соңғы қоңырау салтанаты соғылды", – деп хабарлады ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

Биыл Қазақстанда 171 мың түлек мектеп бітірді. Оның 8139-ы "Алтын белгі" белгісіне үміткер.

ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Нұр-Сұлтан қаласындағы мектептердің бірінде өткен соңғы қоңырау салтанатында болып, оқушыларды оқу жылының аяқталуымен, түлектерді жаңа кезеңнің басталуымен құттықтады. 



"Осында тұрып, өзімнің мектепті бітірген кездегі сезімдерім еске түсіп тұр. Мектеппен қоштасу – жаңа өмірге, жаңа кезеңге қадам басу, болашаққа үмітпен елеңдей қарау мен тәжірибелердің шыңдалатын тұсы. Дәл қазір сіздер үшін ҰБТ, мектеп емтихандары үлкен сынақ пен уайым болуы мүмкін. Алайда өз тәжірибемнен айтатын болсам олардың барлығы өмірде кейін сіз үшін өміріңіздің өте оңай кезеңдеріндей болып көрінеді", – деді Асхат Аймағамбетов.

Ол биыл түлектерге мемлекеттік грантқа түсу үшін жоғары балл жинауға екі рет мүмкіншілік берілгенін гранттар санының да 15 000-ға ұлғайтылғанын, колледждерге қабылдау үшін қосымша 45 000 грант бөлінген еске салды.

Министр сонымен қатар пандемия кезінде үйде балаларына көңіл бөлген, бірге жұмыс істеп, оқуға көмектескен ата-аналарға алғысын білдірді. Және ұстаздар қауымының да еңбегінің елеулі екенін айтты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр