Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рафаэль Уразбахтин: "Ойын біз үшін 60-минуттан кейін аяқталды"

Фото: fckairat.com

Алматылық "Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы турда "Спортингтен" 1:4 есебімен ұтылған ойынға пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бас бапкер топтық кезеңдегі алғашқы матчтың оңайға соқпағанын жеткізді. Бұл туралы ол ойыннан кейін журналистермен болған баспасөз мәслихатында айтты.

"Бұл біз үшін ауыр нәтиже. Мәселе голдардың санында емес, бес минут ішінде үш гол өткізіп алғанымызда. Бірінші таймда өте жинақы ойнадық. Үзілісте өзгерістер енгіздік, екінші таймның алғашқы минуттарында өз жоспарымызды орындадық. Бірақ 60-минуттан кейін ойын біз үшін аяқталды. Енді алға қарап, келесі матчқа дайындалуымыз керек", – деді Уразбахтин.

Еске салайық, "Қайраттың" келесі қарсыласы — мадридтік "Реал".

Абылайхан Палмағанбет
Жұма, 19 Қыркүйек, 2025 05:02
Талқылау