Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында психдиспансер қызметкерлері психиатриялық орталықтың емделушілері болып шықты

Павлодар облысында психдиспансер қызметкерлері өздерінің психикалық ауытқуларды емдейтін медициналық мекеменің пациенттері болғанын кенеттен біліп таңдануда. Дәрігерлер елордалық клиникада жүйке ауруынан емделген болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

психдиспансер

Сурет: КТК репортажынан скриншот

Облыстық психоневрологиялық орталықтың қызметкерлері ақыл-есінде ауытқуы бар адамдарға қамқорлық жасай отырып, күтпеген жерден психикалық ауытқулары бар адамдарға арналған астаналық клиниканың емделушілері екенін білген. 

Дәрігерлердің айтуынша,  жақын арада ешкім қаладан шықпаған әрі жұмысқа келіп жүрген, сонымен қатар қызметкерлер арнайы мамандардың көмегіне мұқтаж емес. Сол себепті олар бас прокуратура мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоға ұжымдық арыз жазды.

"Мені “психикалық клиникаға " салып қойыпты. Мен ол жерде қалай боламын? Ондай клиниканың бар екенін де білмедім. Олар мені сол жерде жатып, 15 күн емделді деп жазыпты, бірақ мен жұмыс орнына штаттық режимге сәйкес келдім", - дейді санитар дәрігер Любовь Копошенко.

Ем туралы хабарламалар орталық қызметкерлеріне шілде айында келе бастаған. Барлығына дерлік жүйке жүйесінің бұзылуы деген бірдей диагноз жазылыпты. 

Медбикелер мен санитарлар белгісіз клиниканың мамандары диагноз қойып, олардың жеке деректерін алғандарына наразы.

"Клиника біздің жеке деректерімізге қол жеткізе алатындығы шамымызға тиді. Жеке деректерімізді алып, кез келген нәрсені жасап отыр. Оларға: "біз жұмыста бола тұра, бізді қалай емдеп жүрсіз?" деп айттық”, - дейді  медбике Татьяна Францева.

Қызметкерлердің шағымдарынан кейін олардың электронды медициналық карталарындағы диагноздар жоғалды. Бірақ орталық басшысына мұның бәрі мәлім. Оның айтуынша, жұмысшылар бұл ұсынысқа өз келісімдерін берген.

"Демалыста жүргенімде маған қоңырау шалып, оңалту мүмкіндігі бар екенін айтты. Сол кезде барлығы тізімге қосылуға қарсы емес екендіктерін жеткізді. Мен кәсіподақ комитетінің төрағасына қоңырау шалып, қызметкерлеріміздің тізімін талап еттім", - дейді облыстық психоневрологиялық орталығының арнайы әлеуметтік қызмет көрсету директоры Нұрлан Абашев.

Нәтижесінде қайырымдылық қорына тиесілі клиникаға Павлодар психоневрологиялық орталығының 280 қызметкерінің деректері берілді. Олардың он бірі бас прокуратура мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоға арыз жазды.

Қызметкерлердің оңалту шараларына қаншалықты мұқтаж екені тексерілуде. Әзірге қызметкерлердің бір уақытта екі жерде жүруі қаншалықты мүмкін екені сұрақ болып отыр.

Талқылау