Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Премьер-министр: аяз күндері қызметкерлерді жұмыста ұзақ ұстамаңыздар

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысын аязға байланысты мемлекеттік мекемелер мен жекеменшік компания басшыларына өтініш айтудан бастады.

“Мемлекеттік мекемелер мен жекеменшік компаниялар басшыларына арнайы хабарлаймын: аязға байланысты қызметкерлерді жұмыста ұзақ ұстамаңыздар. Мүмкіндік болса үйіне дейін жеткізу қызметін ұйымдастырыңыздар”, -деді Сағынтаев.

Сонымен қатар, барлық қызметте де аязды күндері жұмыла әрекет етуді тапсырды.

“Облыс әкімдеріне өңірдегі жылу орталықтарының жұмысын, оның ішінде шағын қалалардағы жылыту қазандықтарын қатаң бақылауға алуды тапсырамын. Әсіресе аурухана, мектеп, балабақша сияқты әлеуметтік мекемелерге ерекше көңіл бөліңіздер. Білім беру ұйымдарында ауа райына байланысты сабақтың болмайтыны туралы халықты дер кезінде хабардар етіңіздер. Қоғамдық көлік кестеге сәйкес жұмыс істеуі керек. Бірыңғай кезекшілік диспетчерлік желі – 112 үзіліссіз жұмыс істеуі тиіс”, — деді үкімет басшысы.

Тағы оқыңыз:

Ауғаныстандағы террактіде қайтыс болған Қазақстан азаматының артында екі баласы қалды

Ең жас маскүнем: ШҚО-да алты жасар бала наркодиспансерде есепте тұр

Таразда істі болған сығандар сот отырысындағылардың көзін байлап, қарғыс айтты

Талқылау