Ауғанстандағы терактіде қайтыс болған Қазақстан азаматының артында екі баласы қалды

Кабулдағы терактіде қайтыс болған Ерлан Жанпейісовтің денесін Қазақстанға жеткізуге 20 мың доллар қаражат қажет. Бұл туралы оның туыстары әлеуметтік желіде хабарламалар арқылы көмек сұрады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

31 арнаның хабарлауынша, Кабулдағы терктіде қайтыс болған Қазақстан азаматының артында екі баласы қалды: үлкені 13 жаста, кішісі 3,5 жаста. Ерлан Жанпейісов Ауғанстанда жұмыс бабымен болған. Ол сапарында “Интерконтиненталь” қонақ үйіне тұрақтаған. Сенбі күні сол қонақ үйге шабуыл жасалып, 18 адам қаза тапқан еді.

Ерлан Жанпейісов Кабулда жүргеніне үш ай болған. Оны сол жердегі жергілікті компаниялардың бірі шақырған. Ол екі ел арасында жаңа технологиялар саласында ынтымақтастық орнатуды армандаған.

“Ол өзінің пайдасын ойлаған жоқ. Елі үшін, халқы үшін ғаламтор жүйесін дамытуды, елдер арасында байланыс орнату үшін жұмыс істеді. Ауғанстан кез келген адам бара беретін ел емес. Ол елге баруға кез келген адамның батылы жетпейді”, -дейді досы Аслан.

Шабуылға бірнеше күн қалғанда, АҚШ-тың Кабулдағы елшілігі басқа қонақ үйде болатын шабуыл туралы ескерту жасаған. Бірақ, террористердің таңдауы “Интерконтиненталь” қонақ үйіне түскен, мұны ешкім күтпеді. Шабуылшылар қонақ үйді 12 сағат бойы қоршауға алды. Ғимарат ішіндегілер әр түрлі амалмен көшеге шығып кеткен: бірі бөлмелерінде жасырынса, бірі төсек жаймаларын байлап төменге түсті.

Нәтижесінде 18 адам қайтыс болды. Олардың 14-і шетелдіктер: Украина, Грекия, Германия және Қазақстан азаматтары.

“Ауғанстандағы Қазақстан елшілігі қайтыс болған азаматтың денесін елге алып келу жолдарын қарастырып жатыр”, -дейді ҚР СІМ баспасөз қызметі өкілі Әнуар Жайнақов.

Дегенмен, Ерлан Жанпейісовтің туыстарының айтуынша, оны елге алып келуге 20 мың доллар қаражат қажет. Олар осыншама қаражатты жинауға көмектесулерін сұрап әлеуметтік желіге хабарламалар таратты.

“Біз қазір Ауғанстандағылармен келісіп қойдық, бірақ оларға ертең ақша жіберу керек. Кабулдағы елшілікпен байланыстым, олар жеткізіп беретін компанияны тауып қойды. Олар бізге көмектесуге дайын. Тек қаражат күтіп отыр, сонда ғана 2-3 күн ішінде баламның денесін жеткізіп береді”, -дейді әкесі Жүсіпберген Жанпейісов.

ҚР СІМ айтуынша, Кабулдағы шабуыл БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысына қарсы әрекеттердің бірі. Отырыстың басты мәселесі Ауғанстан тақырыбы еді.

Ауғанстан ІІМ хабарлауынша, террорлық шабуыл жасаушылар “Хаккани” ұйымы. Ауған-пәкістандықтардан құралған бұл ұйым НАТО мен үкіметке қарсы күресіп келеді. Олар “Интерконтиненталь” ұйымына алғаш рет шабуыл жасап тұрған жоқ. 2011 жылдың маусымында 4 рет шабуыл нәтижесінде 10 адам қаза тапқан еді.

Еске сала кетейік, Ауғанстанда содырлардың шабуылы салдарынан Қазақстан азаматы ажал құшқанын хабарлаған едік.

Терорлық шабуылда жазықсыз қаза тапқан Ерлан Жанпейісовтің денесін елге жеткізуге көмектесемін деушілер болса мына нөмірлерге хабарласуына болады.

Жампейісова Шолпан Сәбитқызы +7 778 161 1289, Жампейісов Жүсіпберген Қапанұлы +7 777 537-45-07.

Тағы оқыңыз:

Ең жас маскүнем: ШҚО-да алты жасар бала наркодиспансерде есепте тұр

Таразда істі болған сығандар сот отырысындағылардың көзін байлап, қарғыс айтты

Алматыда үйге түскен ұры перденің артына жасырынған жерінен ұсталып қалды

Әйелін өзге дінге кірген деп пышақтаған шымкенттік сотталды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар