Польшадағы көз жұмған қазақстандық: СІМ мәлімдеме жасады
Сыртқы істер министрлігі Польшадағы 16 жастағы қазақстандықтың өліміне қатысты тергеу барысына түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.
"Қазақстанның Варшавадағы елшілігі Польшадағы қазақстандық студенттің қайғылы қазасы туралы іс бойынша тергеуді ерекше бақылауда ұстайды.
Польшаның құқық қорғау органдарының мәліметінше, жергілікті полиция кісі өлтірген күдіктіні және оның жолдасын ұстады. Біріншісіне кісі өлтірді деген айып тағылды, оның досы тергеуге кедергі келтірді және көмек көрсетпеді деп айыпталуда. Күдікті аңшы екен. Ол қазақстандық студенттер тұрған жаққа оқ атқан. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Сыртқы саясат ведомствосының мәліметінше, Қазақстан тарапы Польша билігіне барынша мұқият тергеу жүргізіп, барлық кінәлілерді жазалауды өтінген.
"Қазіргі уақытта дипломаттар құжаттарды рәсімдеп, марқұмның денесін отанына жіберу бойынша шаралар қабылдауда. Қайтыс болған студенттің туыстары мен жақындары олардың сезімдері мен жеке өміріне қол сұғылмау құқығын құрметтеуді, осы қайғылы жағдай төңірегінде дүрбелең туғызбауды сұрайды", - деп толықтырды СІМ.
Еске салсақ, Польшада көз жұмған қазақстандықты "қабан" деп атып тастағаны белгілі болды.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
