Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция Ақмола облысындағы Көбейтұз маңын қайта күзете бастады (видео)

Көбейтұзда жүрген полицейФото: коллаж

Жұрт Көбейтұздан тұз бен балшықты тасып әкетіп жатқандықтан, полиция көл маңын қайта күзете бастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде Ақмола облысындағы әйгілі қызғылт көлдің жағасынан түсірілген видео тарады. Полиция қызметкерлері демалушыларға көлден балшық пен тұзды алып кетуге, жағада қоқыс қалдыруға болмайтынын түсіндіруде.

Ерейментау қаласы іргесіндегі Көбейтұз көлі шетелдіктерге де танымал. Сирек кездесетін балдырлардың әсерінен көлдің түсі ерекше қызғылт түске енеді. Алайда бұл құбылыс бірнеше жылда бір рет қайталанады.

Туристерді көлдің түсімен қоса, тұзы да қызықтырады. Ел арасында көлдің тұзы емдік қасиетке ие деген түсінік тараған. Жұрт Көбейтұздың тұзын тіпті маркетплейтер арқылы саудалай бастаған.

Еске салсақ, Ақмола облысында орналасқан Көбейтұз көлінен туристер қызғылт тұзды жаппай қазып әкетіп жатқанын жазған едік. Ерейментау ауданының полиция бөлімі де табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактісі тіркелгенін хабарлаған.

Аида Тақабаева
Сәрсенбі, 06 Тамыз, 2025 08:41
Талқылау
`