Туристер Көбейтұз көлінен қызғылт тұзды жаппай қазып әкетіп жатыр (видео)
Фото: gov.kz
Желіде Ақмола облысында орналасқан Көбейтұз көлінің вандализмге ұшырағаны жөнінде ақпарат тарады – туристер көлден қызғылт тұзды жаппай қазып әкетіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақмола облысы Ермейтау аудандық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растады.
"Полиция департаменті Ерейментау ауданының полиция бөлімінде Көбейтұз көліндегі табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактісі тіркелгенін хабарлайды. Мән-жайды анықтау және ол адамдарды жауапкершілікке тарту шаралары жүргізілуде", – делінген хабарламада.
Көбейтұз көлі – Ақмола облысы Ерейментау ауданында орналасқан бірегей әрі ерекше табиғи көл. Ол жылына бірнеше рет қызғылт түске боялып отырады. Судың қызғылт реңге боялуына негізінен тұзды теңіздерді мекендейтін біржасушалы дуналиелла сортаңды су балдыры әсер етеді деп саналады. Әлемде мұндай сегіз көл ғана бар.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"