Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицейлер әйел адамды шашынан сүйреп азаптаған азаматты ұстады

Рудный полицейлері 33 жастағы әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Алау.

Бұған дейін желіде  ер адамның әйел адамды асфальт үстінде шашынан жұлқып сүйрегені жарияланған еді.

Жедел іздеу шарасы барысында 33 жастағы зардап шегуші мен 35 жастағы күдіктінің жеке тұлғасы анықталды. Екеуі де Рудный қаласының тұрғындары.

«Бұл іске қатысты 2000 АЕК көлемінде айыппұл салынуы немесе жұмыс істеп өтеу жазасы тағайындалуы мүмкін. Немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – деп хабарлады баспасөз қызметінде.

Видеодан байқағанымыздай, ер адам әйелдің шашынан ұстап тізерлетіп сүйреді. Әйелдің беті қан-жоса болды. Жүргіншілер әйелге араша түсті.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбе полициясы көшеден табылған панасыз балалардың туыстарын іздеп жатыр

Жомарттықтың зияны: БҚО-да бейтаныс адамға қоңырау шалуға берген әйел телефонсыз қалды

Қазақстанда зейнетақы төлеудің жаңа ережесі енгізіледі

Талқылау