Азия чемпионатында әйелдер күресінен Қазақстан қоржынына кезекті жүлде түсті
Фото:Спортты дамыту дирекциясы
Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер күресінен Гүлмарал Еркебаева ел қоржынына қола жүлде салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
76 келіде отандасымыз қола медаль үшін тартыста Оңтүстік Корея елінің балуанымен күш сынасты. Тартысқа толы белдесуде 5:1 есебімен Гүлмарал Еркебаева қола медальді қанжығасына байлады.
Айта кетейік, бұған дейін әйелдер күресінен үздіктер қатарында болған 72 келіде Жәмилә Бақбергенова, 53 келіде Зейнеп Баянова жарыс жолынан шығып қалған еді.
Бұдан өзге ардагер балуан 57 келі Нюлифар Раимова мен 65 Айжан Суйдуова да іріктеу кезеңдеріндк сүрініп жүлдеден тыс қалды.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады
