Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жомарттықтың зияны: БҚО-да бейтаныс адамға қоңырау шалуға берген әйел телефонсыз қалды

Батыс Қазақстан ішкі істер департаменті соңғы уақытта телефон ұрлау оқиғасы жиілеп кеткенін айтады.

Бұл туралы “Мой Город” хабарлайды.

ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, полицейлер “телефон шалып алайыншы” деп смартфон ұрлаумен айналысатын алаяқтарды ұстады.

“Осы жылдың 20 қыркүйегінде жас жігіт Ковалев көшесінің бойында 60 жастағы әйелден қоңырау соғып алайын деп телефон сұраған. Сосын ұрлап кеткен. Осындай жағдай дүкен маңында да болған. 26 жастағы жігіт те бейтаныс қыздың телефонын алып кеткен”, – деді ІІД.

Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің алаяқтық бабы бойынша іс қозғалуда.

Жіберіп алмаңыз:

Оралдық оқушылар тегін тартылуы тиіс дәптерді ала алмай жылап жүр

Астанада әкімдіктен өлі ит сұраған ғалымдардың басы дауға қалды

Үкімет Астанаға газ тартатын қаржы таппай отыр

Шымкентте полицейден таяқ жеген қыздың өзіне қылмыстық іс қозғалды

Талқылау