Астанада әкімдіктен өлі ит сұраған ғалымдардың басы дауға қалды

Бейсенбі, 28 Қыркүйек , 2017 21:59

Астанада зертханалық сынамалар үшін әкімдіктен өлі ит сұраған Қазақ агротехникалық университеттің басы үлкен дауға қалды. Қаланың ауыл шаруашылығы басқармасы өтінішті түсініп, тиісті бұйрық бергенімен, үй жануарларының жанашырлары өре түрегелді, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Зертханаға 15 ит  керек деген бастамаға мақұлықтар да қарсы тәрізді. Иттер наразылығын өз тілінде білдіріп шуласа, белсенділер әлеуметтік желіде хат алмасып, қол жинасып жатыр. Олар Сәкен Сейфуллин атындағы Агротехникалық университет ғалымдарының өтінішін қатыгездік деп түсінеді.

“Бұл иттердің бірін де зертханаға бермейміз. Әрқайсысының түрін, атын жатқа білеміз. Сондықтан бұндай бассыздыққа жол жоқ. Керек болса осы жерде түнеуге бармын. Бірақ ит бермеймін”, – дейді ерікті Инна Панченко.

Еріктілердің жанкештілікпен жануарларды қорғауына мына хат себеп. Онда университет профессоры иттің ағзасындағы паразиттерді зерттеу үшін әкімдіктен 15 иттің өлексесін сұрайды. Әкімдік көмек көрсетіңдер деп өз қарамағындағы кәсіпорынға бұйрық берген.

“Бірінші хат біздің “Астана Ветсервиске” түсті. Сол өтінішпен жауап жібердік. Сұрағанын  қолдай алмаймыз. Біріншіден бізде 15 өлі ит жоқ”, – дейді “Астана ветсервис” КМК директорының орынбасары Бибол Бегалин.

Ғылым үшін өлексе табылмауының себебі, егер бұрын бұралқы иттерді үш күн ұстап ұйықтатып тастаса, қазір заң бойынша екі ай бағып, күтеді. Ол да жануарлар жанашырларының еңбегі. Одан бөлек иттерді уақытша ұстау изоляторына жануарлар өлі күйінде де келеді. Олар бірден кремацияланады.

“Жылда тексереміз осылай. Бізге өлген иттер керек. Ал болмаса тірі иттердің қан сарысуы мен нәжістерін тексереміз”, – дейді Сейфуллин атындағы ҚазАТУ аға ғылыми қызметкері Сәдібек Тоқпан.

Дау болған хат авторы белсенділер қазақша жазылған хатты танымай даурықты дейді. Ғалымдардың мақсаты, иттен адамға жұғатын ихинокок паразитін анықтауды жетілдіру. Қазіргі таңда елімізде аталған құрттарды анықтаудың зертханалық тәсілі жоқ.

Қазақстанда соңғы санақ бойынша 890 мың ит, 350 мыңға жуық мысық тіркелген. Олардың тең жартысы түрлі ауруға шалдыққан дейді мамандар. Адамдар жануардан жұғатын емі жоқ дерттен қорғалмаған. Сондықтан итті бізден емес, еріктілердің өзін иттен қорғау керек дейді ғалымдар.


Жіберіп алмаңыз:

Үкімет Астанаға газ тартатын қаржы таппай отыр

Шымкентте полицейден таяқ жеген қыздың өзіне қылмыстық іс қозғалды

Атырауда оқушы қызды зорлап өлтірген педофил ұзақ мерзімге сотталды

Түркияда жол апатынан зардап шеккендерге әлі санавиация жіберілмеген болып шықты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар