Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе полициясы көшеден табылған панасыз балалардың туыстарын іздеп жатыр

Ақтөбе полициясы панасыз балалардың туыстарын іздестіріп жатыр. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“102” орталығына қаланың Заречный-1 ауданында екі баланың жүргені туралы хабар келіп түскен.

“Оқиға орынына келген патрулдік полиция 1,5-2 жас шамасындағы екі баланы тауып алады. Заречный полициясының патрулдік және ювеналды қызметкерлері қала аудандары мен саяжайларды кезіп, балалардың туыстарын іздестіреді. Бірақ, тұрғындардың ешбірі балаларды танымаған”, – дейді полиция.

Балалар жоғалып кеткені жайлы шағыммен де ешкім полицияға хабарласпаған. Қазір олардың туыстарын іздестіру жалғасуда.

Облыстық ішкі істер департаменті тұрғындарға үндеу тастайды. Кімде-кім балаларды көрген немесе танитын болса мына нөмірлерге хабарласса болады: 102, 99-69-25, +7-707-505-46-20. Әзірге бүлдіршіндер балалар үйіне орналастырылған.

Оқи отырыңыз:

Жомарттықтың зияны: БҚО-да бейтаныс адамға қоңырау шалуға берген әйел телефонсыз қалды

Қазақстанда зейнетақы төлеудің жаңа ережесі енгізіледі

Қазақстандық банктің менеджерлері клиенттерінің есеп шотынан ақша ұрлаған

Шымкентте полицейден таяқ жеген қыздың өзіне қылмыстық іс қозғалды

Талқылау