"Полицей ұлының аста-төк тойы": Алматы полициясы желідегі видеоға қатысты пікір білдірді
Әлеуметтік желіде тараған "полиция басшысының ұлының" тойына қатысты Алматы полициясы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Журналист Михаил Козачков facebook-те Алматыда өткен тойлардың бірінде түсірілген видеоларды жариялады. Оған видеоны жіберген адам "полиция басшысының ұлы" үйленгенін, соған орай аста-төк той жасағанын хабарлаған.
Кадрларға қарасақ, полицейдің емес, құдды бір олигархтың тойы өткендей әсер қалдырады. Адам басына 45 мыңнан 70 мың теңгеге дейін алатын зәулім мейрамхана, Тұрсынбек Қабатов, Қайрат Нұртас, Мақпал Жүнісова, Райм, Әміре сынды танымал жұлдыздар, аспаз Агзамовтың әйгілі торты және той қонақтары арасында ойнатылған сыйлықтар. Жалпы тойға 400 қонақ, 40 әнші шақырылғаны атап өтілген.
Полиция аталған жайтқа қатысты пікір білдірді.
"Қызметтік тергеу аясында жоғарыда аталған автордың келтірген деректері мұқият тексерілуде.
Қызметтік тәртіптің бұзылғаны анықталса, полиция қызметкерлеріне тәртіптік шаралар қолданылады", – деп хабарлады Алматы полициясы департаменті.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
