Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәрдемақысы үшін қайтарып алған: Петропавлда үш жасар мүгедек қызын ұрып өлтірген келіншек сотталды

Мүгедек қызын сабап өлтірген петропавлдық келіншек сотталды. 22 жастағы тұрғын бұл әрекетке не үшін барғанын айтпады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

ұрып өлтірген

Оқиға ақпан айында орын алған. 22 жастағы келіншек үш жасар мүгедек қызын аяусыз ұрып-соғып тастаған. Бүлдіршін жансақтау бөлімінен бір-ақ шығып, бір жарым айдан кейін жан тәсілім етті. Прокурорлар сөзінше, анасы бұған дейін қызын ұрған. Бұған қоса, айыпталушы сал ауруына шалдыққан қызын өздігінен жүруге мәжбүрлепті. Бірақ жүре алмағаны үшін соққыға жыққан. 

Келіншек қызын некесіз туып, артынша балалар үйіне өткізіп жіберген. Алайда кейіннен баланы айыпталушының туыстары бағып алып, кейін анасы өзіне қайтарыпты. Бұған  баланың мүгедектігіне берілетін жәрдемақы себеп болыпты. 

"Голошова мүгедек қызын төсекке сүйеп тұрғызып, баланың желкесінен оң қолмен ұрып, өмірлік маңызы бар органын зақымдаған. Ал сол қолымен бүлдіршіннің оң иығынан ұрып, ол еденге басымен құлаған. Содан есінен танған", – дейді мемлекеттік айыптаушы Юлия Сысоева. 

Еске салсақ, бұған дейін Петропавлда анасы сабап тастаған үш жасар қыздың көз жұмғаны айтылған еді. 

Талқылау