Пьер Карденнің моделі «Семей аруы» атанды (фото)
«Семей аруы-2017» сұлулық байқауында 18 жастағы Динара Баймұратова жеңіске жетті.
Бұл туралы Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланды.
Семей аруы атанған Динара Баймұратова 18 жаста. Енді ол Астанада өтетін «Қазақстан аруы – 2017» байқауында өз қаласының намысын қорғайтын болады.
Семейдегі арулар байқауында Динара финалға өткен тоғыз қыздың бірі болды.
«Алғаш рет «Miss Semey – 2017» конкурсында қазылар алқасының құрамында болдым. Қыздардың бәрі бірінен өткен сұлу. Жеңімпазды анықтау қиын болды, бірақ ұзақ талқылаудан кейін бір үміткерді таңдадық – Динара Баймұратова «Семей аруы-2017» атанды. Бірінші вице-мисс – Мөлдір Сейітқазина, екінші вице-мисс – Дамира Бадриттенова, үшінші вице-мисс Диана Әділбекова болды», – деп жазды «Қазақстан-Семей» телеарнасының директоры Арсен Бектасов әлеуметтік желідегі парақшасына.
Еске салайық, 2016 жылы Динара Мәскеуде өткен Жоғары сән апталығына қатысып, Пьер Карден топтамаларын көрсететін 20 үздік модельдің қатарына енді. Сондай-ақ ол бұған дейін Miss Kazakh Beauty-2016, Young Miss Semey-2016, Miss Asian Beauty-2016 титулдарын иеленген.
Жіберіп алмаңыз:
Әріптестері татуласқан Нұрлан мен Мұқасан үшін ерекше қуанды
Қарындастары Төреғалидың отбасылық өмірде қатал жан екенін айтты
Мақпал Жүнісова Мирас пен Құралайдың қателіктерін бетіне басты