Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Пайғамбарымыз туды ерекше құрмет тұтқан": Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы жағажайдағы "Бораттардың" қылығы жайлы

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы "Борат-2" фильмі мен жағажайда туды таптаған азаматтар жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Асыл дініміз Исламда мемлекеттік маңызы бар рәміздерге мән берілген. Хадис ғалымдары өз кітаптарында ту мен жалаудың қадірі мен құрметі жайлы арнайы тарау арнаған. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туды және ту ұстаған сахабалардың ерлігін ерекше атап өткен және оны құрмет тұтудың маңызы жайында тағылымды өсиетін қалдырған. 

Отан деген сөз кез келген азамат үшін қымбат ұғым болса, әр адамның өзге елден ерекшелеп тұратын Әнұраны, Елтаңбасы мен Туы да – құрметке лайық құндылықтар. Туымыз көтеріліп, әнұранымыз шырқалғанда орнымыздан тұрып, құрмет көрсетуіміз – шариғатта құпталған іс", - дейді ҚМДБ өкілдері.  

Діни басқарма өкілдері туға құрметсіздік танытқандарды қатаң айыптайтынын алға тартты. 

"Туға, әнұранға, елтаңбаға құрмет көрсету – өз еліміз бен жерімізге, рәміздерге құрмет көрсету.  

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жағажайда жалаңаш күйде туымызға құрметсіздік жасаған шетел азаматтарының өрескел әрекетін қатаң айыптайды.     

Алла Тағала көк туымыздың әрдайым көкте желбіреп тұруын, мемлекеттік рәміздеріміздің абыройын асқақтатып, халқымыздың бірлік пен берекеде өмір сүруін нәсіп еткей. Әмин!", - делінген діни басқарма мәлімдемесінде. 

Еске салайық. бұған дейін Австралия мен Ұлыбританияда Қазақстанның туын ұстаған "Бораттар" флешмоб өткізгені айтылған еді. Осыған байланысты бір топ алматылықтар Борат-2" фильміне қарсы жастар АҚШ-тың елшілігіне петиция табыстаған. 


"Наразылық нота жолдау мағынасыз": Сыртқы істер министрлігі "Борат-2" фильміне қатысты пікір білдірді

Борат деген кім?

STAN.KZ
Сейсенбі, 03 Қараша, 2020 13:35
Талқылау