Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодардағы ерлі-зайыптылардың жұмбақ өлімі: Әйелі биіктен құлап өлсе, күйеуін біреулер пышақтап кеткен

Павлодарда ерлі-зайыптылардың қазасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Алдымен 24 жастағы психолог Лилия Мельник биіктен құлап мерт болған.

Тергеу барысында оның  күйеуі басты күдікті саналған. Себебі, Лилия Мельник көз жұмардың алдында онымен ажырасуды жоспарлапты.

Кейіннен оның 30 жастағы күйеуін белгісіз біреулер үйінің кіреберісінде пышақтап кеткен. Енді, марқұмның жақындары бұл өлімге кімді кінәларын білмей отыр.

"Қызым: "Жақын күндері ажырасуға өтініш беремін" деп жүрген. Бірақ, үлгермеді. Олар күйеуі екеуіне ортақ мүлікті сатып, ақшасын теңдей бөлмек еді. Оның ішінде 2 қымбат автокөлік бар, біреуінің құны 5 млн теңге", - деді Лилияның анысы Галина Мельник.

Лилияның мамандығы - мектеп психологы. Полицейлердің болжамынша, ол жоғары қабаттан құлап мерт болған. Марқұмның анасы бұған мүлдем сенбейді.

Ал Лилияның қазасынан көп уақыт өтпей, оның күйеуін де пышақтап кеткен. 63 жастағы Галина Мельниктің ерлі-зайыптылардың қазасына қатысты сұрағы көп. Бірақ полицейлер әзірге тергеу құпиясы деп, ашып ештеңе айтпай отыр екен.

"24 жастағы қыздың өліміне қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізілуде. Ал оның күйеуінің қазасына байланысты аталған кодекстің 99 бабы бойынша тергеу амалдары басталды", - дейді  Павлодар облысы ПД баспасөз хатшысы Жанна Біләлова.

Әзірге тергеушілер ерлі-зайыптылардың өліміне қатысты күдіктілерді құпия ұстап отыр.

"Мезгілсіз қос өлім кездейсоқтық емес, бастысы соған қатысты жұмбақтың жауабы табылса", - дейді зейнеткер.
 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Гелендваген көлігін алғым кеп жүр": Қазақстандық жұлдыздардың көлігі қандай

Динара Сұлтан: 17 жасымнан бастап көлік айдаймын

Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі жарияланады

Елбасының баспасөз қызметінде көрсетілгендей, мақала Elbasy.kz сайтында және республикалық газеттерде жарияланады

Қостанай облысында коронавирус жұқтырғандар Шарм-эль-Шейхтен ұшып келген

Олар Тобылдағы карантиндік ауруханада жатыр

"Кейбір азаматтардың сана-сезімінің төмендігін байқап отырмыз": Алматы полициясы көшеде жүргендерді не үшін ұстап әкеткендерін түсіндірді

Әлеуметтік желілерде тұрғындардың қолын қайырып әкетіп бара жатқан полиция қызметкерлерінің видеосы таралды

Назарбаевтың денсаулығына байланысты сыбыстардан кейін, оның фотосуреттері мен видеосы пайда болды

Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Асқар Маминмен кездесті

25 мың теңгеге дейін қымбаттаған зімбірдің пайдасы бар ма

Дәрігерлер зімбірден гөрі емдік шөптен жасалған шайларды ішуге кеңес беріп отыр

Қарағандыда COVID-19 жұқтырған 7 адам туралы не білеміз

Барлық науқастар эпидемияға қарсы қауіпсіздік шараларымен оқшауланған және емделуде

Алматы облысының тұрғынына үй карантинін бұзғаны үшін 26 мың теңге айыппұл салынды

Ресей Федерациясынан келген азамат үй карантинін бұзған

Ботокс, шаш, макияж: Жұлдыздар күнделікті күтіміне қанша ақша жұмсайды

Алтынай Жолдыбаева: Менің көкірегім кішкентай, бірақ өзіме ұнайды

Қостанайда коронавирус жұқтырған ерлі-зайыптылар Мысыр елінен оралған

Дәрігерлердің науқастар жағдайы қанағаттанарлық екендігін айтып кетті
Çàãðóçêà...