Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда полицейлер жас жігіттерді таяқпен ұрып, басынан аяқпен теуіп тастады (видео)

Павлодардағы кафе клиенттері мен полицейлердің төбелесі бейнетаспаға түсіп қалды, деп хабарлайды Время.

18

Видеодан көргеніміздей, төрт полицей кафеге келген жігіттермен жаға жыртысып жатыр. Полицейлер сес көрсеткен жігіттерге жұдырық жұмсаудан тайынбады. Олар арнайы таяқтарымен ұрып, жігіттерге көзден жас шығаратын газ шашыратты. Бір жігіт полицейдің аяғынан тартып қалып құлатты. Полицей оның бетіне газ шашыратып жіберді. Ол бетін басып отырғанда, полицей басынан теуіп-теуіп жіберді.

Облыстық ІІД орынбасары Мыңбай Асылбеков бұл оқиғаны растады. Оның айтуынша көшеде ер адамдардың төбелесіп жатқаны жайлы куәгерлердің бірі хабарлаған. Оқиға орнына дереу полицейлер жетіпті. Қазір бұл оқиғаға қатысты “Лауазымын пайдаланып күш көрсету” бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Ерке Есмахан футбол стадионында жалаңаяқ жүгіріп жүріп ән айтты (видео)

Төреғали мен Ерке Есмаханға Ақтөбеде концертін тоқтатуға тура келді (фото, видео)

Құрамында спирті бар дәрі-дәрмекті қолданудың шариғаттағы үкімі қандай?

Адамға өзгенің қанын құйса, сол адамның мінезі, жүрісіне дейін берілетіні рас па?

Талқылау