Құрамында спирті бар дәрі-дәрмекті қолданудың шариғаттағы үкімі қандай?

Сенбі, 12 Тамыз , 2017 15:06

Бүгінде медицинада спирт көптеп қолданылады. Ал осы спирт құосылған дәрі-дәрмекті пайдаланудың дініміздегі үкімі қандай?

original

ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің мәлімдемесі бойынша, шариғатта жалпы барша заттың негізі «таза» болып табылады. Тек шариғи дәлел ғана «таза еместігін, нәжіс екендігін» көрсетсе ғана лайықты үкімі беріледі.

Ислам ғұламалары: «Харам нәрсені нәжіс деп атауға өкілеттілігіміз жоқ. Себебі оны нәжіс деп үкім шығару үшін шариғаттан дәлел керек»,-деген көзқарасты алға тартқан.  Мәселен  есірткі мен удың үкімі харам. Бірақ негізі таза. Өйткені олардың нәжістігіне шариғи дәлел жоқ. Кез-келген  нәжіс харам болғандығымен  харам нәрсенің бәрі нәжіс емес. Сондықтан спирт мас ету себебінен харам болғанымен нәжіс емес. Құранда үкімі харам болып бекіген  «хамр» сөзі жүзімнен жасалған шарапқа айтылады.

Имам Ағзам мәзһабында шарап  харам әрі нәжіс болғандықтан тиген жерлерін нәжіс етсе, ал спирт тиген жерлерін нәжіс етпейді. Шафиғи мәзһабында шараптың санатына барлық мас етуші ішімдіктер кірген. Олардың барлығы нәжіс деп те үкім берілген. Алайда нәжіс деп үкім берілсе де спирттік сұйық заттар араласқан дәрілерді қолданудың оғаштығы жоқ деп санаған. Құрамында спирті бар иіс сулар немесе спирт араласқан сұйық заттар денеге, киімге  тисе нәжіс болмайды. Спирт тиген жерді жуу да міндетті емес. Өйткені спирт тез кеуіп кетеді. Қазіргі таңда көптеген дәрілерге азды-көпті белгілі бір мөлшерде спирт қосылады. Спиртті қосудағы мақсат науқасты мас ету  емес. Бар болғаны  дәрі құрамындағы кейбір заттардың еруіне мұқтаждық бар. Сол себепті спирт қосылады.

Сондай-ақ дәрінің құрамы уақыт өте келе өзгеріске түспеу үшін және ұзақ мерзімге сақтау үшін де аз мөлшерде спирт қосылады. Ғалымдар шариғи үкімі нәжіс, харам нәрселер басқа нәрсеге араласып, қасиеті мен сипатын жоғалтса яғни, иісі, реңі, дәмі де қалмаса таза болады деген. Әйгілі имам, мулла Нұруддин Әли ибн Сұлтан,  имам Ұбайдулла ибн Масғұдтың «ән-Нуқая» атты еңбегіне жазған «Фатху-Бәбил-Ғиная» атты түсіндірмесінде былай дейді: «Нәжістің күлі немесе т.б (нәжістердің үкімі) таза болып табылады. Яғни, тұзды жерде өліп, тұзға айналған есектің үкімін алады. Сондай-ақ шариғатта негізі ұрықтың (сперманың) үкімі нәжіс. Уақыт өте келе жатырға түскен ұрық ұйыған қанға айналады. Оның үкімі де нәжіс. Кейін әлгі ұйыған қан бір шайнам етке айналады. Оған таза деген үкім беріледі. Сонымен қатар шариғатта жүзім сусынының үкімі таза.

Егер ашытылып шарапқа айналса, үкімі нәжіс болады. Ол тағы да бір өзгеріске ұшырап сірке суына айналса, үкімі таза болады. Осылайша біз қандайда бір заттың негізінің басқа бір затқа айналуы әуелгі қасиеті мен сипатын жоғалтатындығын білеміз. Өйткені оның табиғаты және көрінісі өзгеріске ұшырады». Демек спиртті ішу адамды мас күйге түсіретіндіктен тыйым салынады. Алайда дәрінің құрамына химиялық қоспалардың араласуы арқылы спирт өзінің қасиеті мен сипатын жоғалтса таза болып есептеледі. Үкім: Спирт ішуге шариғи тұрғыдан тыйым салынады. Алайда нәжіс емес. Құрамында спирт болған дәріні дененің сыртына (жағуға) қолдануға болады.

Егер спирт қандайда бір дәрінің құрамында болып, қасиеті мен сипатын жоғалтса ішуге болады. Ал егер спирт қандайда бір дәрінің құрамында болып, қасиеті мен сипатын жоғалтпаса төмендегі шарттарды ескере отырып ішуге болады: а. Аса зәру жағдайда, құрамында спирті бар дәрінің орнын басатын таза дәрі болмаса; ә. Құрамында спирт қосындысы бар дәрі науқастың оңалуына септігі тисе; б. Құрамында спирт қосындысы бар дәріні міндетті түрде жоғары білімді, білікті дәрігердің рұқсатымен қолдану қажет.

Ал islam.kz сайты бұл үкімге қатысты өз пікірін білдірді.

Құрамына спирт араласқан дәрі-дәрмектің, азықтың үкімі қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Десек те, аталмыш пәтуада кейбір мәселелерге кеңірек тоқталып, ерекше назар аударылса, нұр үстіне нұр болар еді деген ойдамын. Себебі, Пайғамбарымыз (с.а.у.) харам нәрселермен емделуден тыйғаны бәріне мәлім[1]. Бұл дегеніміз, ішетін дәрі-дәрмегіміз харам заттарды қамтыса, өзге емделу жолы қарастырылады деген сөз. Өзге емделу түрі табылмаған жағдайда ғана, құрамына харам қоспасы бар дәрі-дәрмекке жүгініледі.

Аталмыш пәтуада мына бір жағдайлар кеңінен тарқатылып, түсіндіріліп, ескерілсе:

1. Дәріні сұйық (настой) және таблетка түрі деп бөліп қарастырған жақсы. Біздің кездестірген мәліметіміз бойынша, таблетка түріндегі дәрілерді жасау кезінде оларды жоғарғы температурадағы ыстықтан өткізеді. Оның құрамындағы спирт буға айналып, өзіндік табиғатын жоғалтады. Сондықтан, мұндай таблетка түріндегі дәрі-дәрмекті қолдану шариғатқа теріс емес. Ал, шикізаты спиртте тұндырылған сұйық дәрілердегі (настойка) спирт көбіне өзгермей өз қалпында қала беретіндіктен, өзге дәріні іздестіру қажет. Спиртсіз дәрі табылмаған жағдайда ғана амал жоқ, бұған рұқсат.

2. Шариғатта «Инқиләбуль Айн» (жаратылысының өзгеруі)  деген қағида бар. Бұл дегеніміз, шариғатта нәжіс деп танылған заттар өз табиғаты мен жаратылысын мүлдем жоғалтып, басқа бір таза затқа өзгерер болса (химиялық құрылымы өзгеріске ұшыраса), онда оның бұрынғы үкімі де өзімен қоса жоғалады. Өзгеріске тек сипат жағынан ғана емес, бүкіл табиғаты мен болмысы да қоса өзгерген болуы шарт. Тек, сипатының ғана өзгеруі – нәжіс үкімін жоймайды. Мәселен, сүттен ірімшік жасау, бидайды диірменнен өткізіп ұн ету т.б. – сипаты өзгергенімен, болмысы өзгермейді.

Сондықтан, дәрі-дәрмектің құрамына қосылған «спирт» қосындысының көзге көрінбеуі және дәмінің байқалмауы – ондағы спирттің мүлдем жойылғандығын білдірмейді. Бұл арнайы лабараториялық зерттеулердің нәтижесінде ғана белгілі болады. Сұйық дәрілердің құрамында спирт бар деп көрсетілген болса, бұл оның құрамындағы әлі де жойылмаған, өз «табиғатын» өзгертпеген спирт қосындысының бар екендігінің дәлелі.

3. ҚМДБ Ғұламалар Кеңесі шығарған пәтуа мәтінінде: «…Ондағы негізгі мақсат – науқасты мас қылу емес», – делінген. Осы мәтіндегі «Ондағы негізгі мақсат – науқасты мас қылу емес» деген сөйлем қарапайым кісіге: «Демек, спирт қосылған дәрі немесе коньяк қосылған азық (мысалы, шоколод) мас қылу мақсатында болмағандықтан, оны қолдана беруге болады» деген түсінік қалыптастыруы мүмкін. Сондықтан бұл сөйлемді бұл жерде қолданбаған жөн.

Олай дейтініміз, «Усулуль фиқһты» оқыған мамандар біледі. Ондағы «Қияс» бөлімінде мынадай қағида бар: «Үкім – хикметке емес, ъилләтке негізделеді». (Ъилләт – үкімнің байланған себеп-мәні). Бұл дегеніміз дәрі-дәрмектердегі спиртке қатысты үкімін шығарарда «мақсат-мұратқа» емес, ъилләтке сүйенеміз. Спирттің харам болу ъиллаты – оның мас қылу ерекшелігі. Сондықтан мас қылу ерекшелігі бар спирт сынды сұйықтықтың дәріге немесе азыққа араласуы, емделу яки қоректену мақсатында болса да, үкім өзгермейді.

Түйін:

Аталмыш пәтуада да көрсетілгендей, құрамында спирті бар дәрілерді зәру жағдайда ғана қолдануға рұқсат. Ал спирттің өзі нәжіс болмағандықтан, сыртқы қолданысқа қажет жағдайда қолдана беруге болады.

Тағы да оқыңыз:

Адамға өзгенің қанын құйса, сол адамның мінезі, жүрісіне дейін берілетіні рас па?

Құрбан шалуға қатысты әр мұсылман білуі тиіс 12 дерек

Мұсылманша түс жору

Телегония: Алғашқы жақындасқан еркектің әйелге әсері жайында шариғат не дейді?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
11.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар