Адамға өзгенің қанын құйса, сол адамның мінезі, жүрісіне дейін берілетіні рас па?

Сенбі, 12 Тамыз , 2017 11:35

Адам көп қан жоғалтқан жағдайда оған доордың қаны құйылады. Ал, қан арқылы сол адамның мінез-құлқы, болмысы өзгеретіні рас па?

kak-stat-pochetnym-donorom-v-rossii-po-novomu-zakonu-2015-goda

Бұл туралы muslim.kz хабарлайды.

Он жасқа келіп, ес біле бастаған кезіміз болатын. Анам Қамария (марқұм) ауруханада әйелдер босанатын жерде жұмыс істейтін. Біздің үйдің қасында көрші Сәрсенкүл деген орта жастағы келіншек босану кезінде көп қан жоғалтып, екінші топтағы донор іздегені есімізде. Содан донорлыққа базарда сауда сатып тұрған, аузы аузына жұқпайтын, сумаңдаған бір әйел келісіпті. Соның қанын құйып аман қалды деп үйге анам айтып келген болатын.

Екі аптадан соң, Сәрсенкүл ауруханадан шығып, үйіне келіп, аяқ-қолын жинап, шілдеханаға анамды шақырған. Қой аузынан шөп алмайтын Сәрсенгүлдің мінезі адам айтса нанғысыз өзгеріп, шілдехананың басынан аяғына дейін сумаңдап ешкімге сөз бермепті. Ал, енесі болса, аман қалғанына қуанып, жарайды сөйлей берсін деп үндемепті. Бірақ, оның мінезі күн санап құлпырып, адам танымастай өзгере береді. Содан не керек, шыдамы таусылған енесі Сәрсенгүлдің әке-шешесін шақырып: «Мына қыздарыңа не көрінгенін білмеймін. Ауруханадан шыққаннан бері қатты өзгерді. Үйден безіп, базар аралап, өсек соғудан қолы босамайды. Балаға қарау деген ойына кіріп-шықпайды. Бармаған дәрігеріміз, ашпаған есігіміз қалмады. Енді қыздарыңды алып кетіңдер немесе жындыханаға тапсырыңдар» деген.

1988 жылы жазда Ташкенттегі кардиология орталығына апарып, Мәскеуден келген Николай Колесников деген дәрігерге қаратқанда барып бұл сұрақтың жауабын тауыпты. Сонда Н. Колесников: «Адам бойынан көп қан кетіп, донордың қанын құйғанда сол адамның мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, іс-әрекеті, тіпті етеккір уақытына дейін өзгеру әбден мүмкін. Қанның құрамындағы коды ауысып кеткен» – деген қорытынды жасаған. Үш ай бойы Колесниковке қаралып, Сәрсенгүлдің қанын алып отырып баяғы қалпына келтірген.

4-сыныпта оқып жүрген кезім, 1988 жылдың 7 желтоқсан күні кешқұрым жаңалықтардан естідік, сол күні таңғы сағат 10-41 минут өткенде 30-секундтың ішінде Арменияның солтүстік-батысындағы Ленинакан (қазір Гюмри), Степанаван, Кировакан (Ванадзор), Спитак деген қалаларымен қоса 58 село, 300 ауыл-аймақтары жер сілкіну салдарынан жермен-жексен болғанын. Құдай басқа салмасын, 25 мың адам қайтыс болып, 20 мың адам мүгедек атанған, жарты миллион адам баспанасыз қалған. 514 мың адам жарақат алып, көп қан жоғалтқан.

АҚШ-та жүрген М.С. Горбачевқа Үкімет үйінің басшысы Николай Рожков хабар береді. М. Горбачев 10-желтоқсанда Арменияға жетеді. КСРО-ның қаусаған крандары жарамсыз еді, тіпті ұшаққа сыймады. КСРО-ның шекарасынан ол кездері адам түгіл, шыбын өтпейтін. Амалсыздан әлемнің 20-ға жуық елдері АҚШ, Ұлыбритания, Испания, Франция, Италиядан т.б. жәрдем сұрауға мәжбүр болды. Армениядағы қалпына келтіру жұмыстары генерал-майор Николай Таракановтың басшылығымен жүзеге асты. Жағдайды өз көзімен көрген ол қаншама қорқынышты жағдайларды көзіне жас алып отырып баяндап берді.

Бүкіл Кеңес одағынан көмекке еріктілер мен қоса жәрдем қолын созушылар ағылды. Барлық ауруханалардан қан тапсыру жалғасын тауып, жиналғанының бәрін Арменияға алып кетті. Арадан бір жыл өтер-өтпес әлгі қандарды қайтарып беріпті. «Қазақ халқына алғысымыз шексіз, бірақ біз сіздің қандарыңызды ала алмаймыз. Өйткені сан ғасырлар бойы атадан балаға  жалғасын тауып келе жатқан қанның құрамындағы ұлттық кодымызды жоғалтқымыз келмейді. Себебі сіздер мұсылман, біз христиан дініндегі католикпіз, Алла сіздерге разы болсын», – деп сыртына жазып жіберіпті.

Құйылған қанның әсері болатындығын барлық дін мойындайды. Қанның ауру мен кәрі адамдарға қалай әсер ететіндігіне деген қызығушылық ғалымдар тарапынан XX ғасырдың басында басталды. Қанның құрамында ішкі әлем мен ағзаның жұмысы туралы ақпаратты сақтайтын пластинаның болатындығы анықталған. Олар оны жүрекке тасиды.

Мәскеуде алғаш рет Александр Богданов әлемде жоқ қан ауыстыру институтын құрып, өзі директор болды. Ол институтта нелер жасалмады дейсіз. Солардың ішінде бір адамның қанын келесі бір адамға толық ауыстыру тәжірибесі де жасалды. Бұл тәжірибенің жасалуына келіскен еріктілердің бірі – Богдановтың туған ұлы Александр Малиновский болды. Ол кезде ол 25 жаста болатын. Оның қанын қырық жастағы атлеттікімен ауыстырады. Ол қуатты, сүйегі ірі еркек болып шыға келеді. Бір қызығы, қан арқылы олар күткеннен де көп ақпарат тасымалданатыны анықталды. Қан пластиналары эритроциттер секілді қызмет атқарады деп тұжырым жасаған ғалымдар. Қан ішкі ағзалар арқылы өткен кезде, эритроциттер діріл арқылы олардың қызметі туралы ақпарат алады. Қан ми арқылы өткен кезде ішкі әлем туралы көзқарас жандана түседі. Одан кейін жалпы мәлімет жүрекке барып тіркеледі.

Содан жылдар өте береді. Әлгі жігіт әлі де дәрігерлердің қадағалауында. Тағы бір қызығы, донордың басқа адамның денесіндегі эритроциттері оны физикалық жағынан оңалтып қана қоймай, эмоционалды күйіне, психикасына, интеллектуалды қабілетіне әсер ететіндігі анықталған.

XX ғасырдың 80-жылдарының басында АҚШ-тың медициналық әдебиетінде қан ауыстырғаннан кейін, адамның жеке тұлғасының өзгергендігі жайында жүздеген оқиға тіркеліпті. Солардың бірі Хьюстоннан келген Анжела. АҚШ-та донор (қан беруші) мен реципиент (қан құйылатын адам) арасында келісім-шарт жасалады. Нәтижесінде әлгі реципиентке бірнеше жыл бір донордан қан құйылады. Кімнен десеңізші. Анжела қарапайым үй қараушысының қанын құяды. Міне, енді осы тұрақтылықтың нәтижесі қалай болды екен? Нәтижесінде әлгі әйелдің зияткерлік коэффициенті 26 пунктқа төмендеген. Жоғары жалақы алатын Анжела, төмен жалақы ала бастаған.

Осындай тәжірибелерді ескере келе, ғалымдар қан құйдырар кезде донордың тек қан тобын ғана емес, сонымен қатар резус-факторы мен зияткерлік коэффициентіне де мән беру керектігін айтады. Осыған орай 1990-жылдары АҚШ-та жеке қан банкасы шықты. Ол банкаға жұрттар өзінің қанын құйып жүреді. Егер бір оқыс жағдай болып, қан керек бола қалған жағдайда әлгі жиналған қанды өзіне құяды. Бұл енді біреудің қаны менікіне араласпасын деген сақтықтан туған шара ғой.

«Қанына тартпай тумайды» деген сөз тіркесі бар қазақта. Бұл да қазақтың ежелден медицинадан хабары болғандығының бір белгісі шығар.

Негізі қан беру – үлкен сауапты іс. Себебі, бұл бір адамның өмірін сақтап қалу деген сөз. Хақ Тағала Құран Кәрімде: «Сол себепті Біз, Исрайыл әулетіне: «Қандай-да бір адамды өлтірмеген, жер бетінде бұзақылық жасамаған жанды нақақ өлтірген адам, барша адам баласын өлтіргенмен тең. Ал ол жанды, (өлім аузынан) алып қалған кісі, күллі адам баласын (өлім тырнағынан) құтқарып қалғанмен тең», – деген үкім шығардық», – деп адам өмірінің құндылығын тілге тиек етеді.

Егер біреудің қанын сізге құйса онда әлгі адамның жақсы-жаман қасиеті сізге даритынын білдік. Осы жерде ойыма келгені, жаман мінезді адамдарға жақсы мінезді адамдардың қанын құйса, қалай болар екен, ә? Бастысы әркім «өз ойын мазалап, өз бойын тазалап, өлгенше өзімен алысқаны» дұрысырақ.

Жұмамұрат Шәмші, тарих ғылымдарының кандидаты

Тағы да оқыңыз:

Құрбан шалуға қатысты әр мұсылман білуі тиіс 12 дерек

Мұсылманша түс жору

Телегония: Алғашқы жақындасқан еркектің әйелге әсері жайында шариғат не дейді?

Қыздардың 575 мұсылманша есімі мен олардың мағынасы

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар