Павлодарда балалар ойнайтын жерде ер адамның өлі денесі табылды
Павлодардағы көп қабатты үйлердің бірінің ауласынан ер адамның қанға боялған денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Куәгерлер оқиға болған жерден видео түсіріп, оны Telegram желісіне орналастырды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қайтыс болған адам 5 қыркүйекке қараған түні табылған. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері шақырылды.
6 қыркүйек күні таңертең үйдің тұрғындары оқиға орнында үлкен қан дақтарын тапты. Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, ер адам дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болды.
"Қоңырау жедел жәрдемге Айманов көшесі 18 мекен-жайынан келіп түсті. Хабарламада 30 жастағы ер адамның кеудесінде пышақ жарақаты бар екені анықталды. Оқиға орнына жеткенде бригада жедел жәрдем келгенге дейін жәбірленушінің қайтыс болғанын жазды", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда.
"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеудің мүддесіне сай өзге де ақпарат таратылмайды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
