Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда анасы терезеден лақтырып жіберген баланың бірі қайтыс болды

Фото: Рexels.com

Павлодарда анасы бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген біржарым жастағы бала 1 тамыз күні кешке ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ауыр жарақат алған баланың қайтыс болғанын Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сауле Шакенова хабарады 

“Өкінішке қарай, дәрігерлердің барын салғанына қарамастан, кішкентайының жүрегі тоқтап қалды”, – деп жазды ол Instagram парақшасында.

Павлодар облыстық балалар ауруханасы бұл ақпаратты растады. Дәрігерлер баланы аман алып қалу үшін екі күн бойы күрескен.

“2024 жылы туған баланың жағдайы 1 тамыз күні бойы өте ауыр әрі тұрақсыз болды. Кешке қарай жағдайы нашарлай бастады. Сағат 20:10-да жүрегі тоқтады. Сағат 20:40-та өлімді тіркедік”, – деп мәлімдеді дәрігерлер.

Бұған дейін кішкентай баланың ауруханаға клиникалық өлім жағдайында жеткізілгенін жазған едік. Алайда дәрігерлер жүрек соғысын қайта қалпына келтірді. Сол күні кешке жағдайы нашарлап, ішкі қан кеткендіктен дәрігерлер оның езілген сол жақ бүйрегін алып тастауға мәжбүр болды. Отадан кейін жүрегі тағы да тоқтап қалды, алайда медицина қызметкерлері оны қайта қалпына келтірді.


Алматыда бойжеткен ҚазҰУ ректоратының 14-қабатынан секіріп кеткен


Ақтауда жалаңаш ер адам 11-қабаттың шатырынан секіріп кетті


Баланың жағдайы сондада өте ауыр болды. Құлағаннан кейін ол үшінші дәрежелі жарақаттық шок, ауыр бас-ми жарақатын және ішкі ағзаларына соққы алған.

Ал жеті жастағы бала оңалып келеді. 31 шілде күні ол травматология бөліміне ауыстырылды.

Еске салсақ, 30 шілдеде Павлодарда жантүршігерлік жағбай болды – 34 жастар шамасындағы әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынан өзі секіріп кеткен. Полиция департаменті зардап шеккендер подъездің қалқалағышына құлағанын мәлімдеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел арнайы медициналық мекемеде тіркеуде тұрған. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Айым Болатқызы
Сенбі, 02 Тамыз, 2025 08:00
Талқылау
`