Шымкентте баласы донор болып, әкесін аман алып қалды
Фото: Видеодан сркин
Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханада бүйрек трансплантациясы бойынша 248-ота жасалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, баласы өз бүйрегін беріп, әкесінің өмірін құтқарып қалды.
Реципиент, яғни донордан ағзаны алған адам 2024 жылдан бері созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі диагнозымен диспансерлік есепте тұрған. 2025 жылдан бастап гемодиализге тәуелді болған.
“Донор мен реципиенттің медициналық көрсеткіштері сәйкес келіп, трансплантация отасы сәтті өтті. Қазір науқастардың жағдайы жақсарып, үйлеріне шығарылды”, – делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі күнге дейін Шымкентте 35 бауыр трансплантациясы және 248 бүйрек трансплантациясы жасалған.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады