Алматыда бойжеткен ҚазҰУ ректоратының 14-қабатынан секіріп кеткен

Фото: farabi.university
Алматыда бойжеткен 14-қабаттан секіріп кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кейбір дереккөздердің хабарлауынша, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші курс студенті университеттің ректорат ғимаратынан секірген.
Алматы қалалық полициясы оқиғаны растаған. Қазір тергеу жүріп жатыр.
"Бұл факті бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Мотиві мен мән-жайы анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаның себебі отбасылық жағдайлар болуы мүмкін", – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаменті.
Полиция өкілдері азаматтарды жалған ақпарат таратпауға, тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.
Еске салсақ, осыған дейін Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынан өзі секіріп кеткенін жазғанбыз.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"