Паркомат суыққа қатып қалса, тұрақ үшін ақы төлемеуге болады
Автотұрақтардағы паркоматтар суықтан істемей қалса тұрақ үшін ақы төлемеуге болады. Осы туралы “Алматы спецтехпаркинг сервис” ЖШС мамандары түсініктеме берді.
Бұл туралы 7kun.kz хабарлады.
Паркинг иелерінің айтуынша, құрылғылар жұмыс істемей тұрғанда автокөліктердің ереже бұзуы тіркелмейді. Себебі бұл жағдайларға олар кінәлі немесе тәуелді емес.
“Алматы спецтехпаркинг сервис” мамандары үнемі қаланы айналып, паркингтік машиналардың жұмысын қадағалап отыратын болды.
Бұған дейін алматылық жүргізушілер әлеуметтік желілерде мұз қатқан паркоматтардың видеоларымен бөліскен еді. Олар суыққа байланысты істен шыққан паркоматтарға ақы төлей алмағанын және бұл үшін жаза қолдана ма деген болатын.
Тағы оқыңыз:
Бала кәріз құдығына жарылғыш зат тастап, өзі ұшып кетті
Алматыда салафит жігіттің алтыншы әйелі туған баласынан бас тартты
Байғали Серкебаевтың менеджері казино туралы ақпаратқа түсініктеме берді
Шетелдік ғалымдар қазақстандықтардың шашынан бағалы металдар тапты