Париж-2024: Боксшы Нұрбек Оралбай жартылай финалға шықты
Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Париж Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: olympic.kz
80 келі салмақта шаршы алаңға шыққан отандасымыз әзірбайжандық қарсыласы Мұрат Аллахвердиевті 5:0 есебімен жеңді.
“Нұрбек жекпе-жекті жақсы бастады. Ол бірінші раундты сенімді түрде аяқтады (4:1). Екінші раундтың қорытындысы 5:0 болды. Соңғы үш минутты Нұрбек 3:2 есебімен жеңіспен аяқтады. Төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті”, – делінген ұлттық олимпиада комитетінің хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін боксшы Айбек Оралбайдың Париж Олимпиадасының ширек финалында жеңіліп қалғаны туралы жазған едік.
Талқылау

Маңғыстауда тұрғындардың үйлерін, көшелерін қоңыз басты: Аумақтық инспекция жәндіктермен күресті халықтың өзіне қалдырды (видео)
Алайда тиісті органдар қоңыздармен тұрғындардың өзі күресуі керек екенін айтты

Биыл жазда шетелде демалу құны қанша? Вьетнам арзандап, ал Түркия қымбаттаған
Вьетнамға рейстер саны 3 есе артты